Шығыс күнтізбесі бойынша 2018 жыл ит жылы болып саналады. Ит қорғансыз бен ренжіген адамға қамқор, ал екі жүзділер мен жалқауларға, алаяқтарға тиісінше жазасын береді деп есептейді мамандар.
Жеті қазынанын бірі саналатын ит – он екі мүшел жылдың бірі, жеті қазынаның басы. Ит түркі тілінен шыққанын бәрі біледі. Ол әр тілде аударылады. Мысалы татарша — эт, өзбекше — ит, қырғызша да ит болады. Қалай дегенмен жеті қазынадан ит тұқымы ойып тұрып орын алған. Бірақ әрбір даладағы ит жеті қазынаға жата бермейді. Оған тек тазы ғана жатады. Ит ол негізінде қолға үйретілген қасқыр болады. Мезолит жылдарында ит адамға серік болған екен. Көбінесе иттер адамға адал болып әр жағдайда көмектеседі. Мысалға көзі әлсіз көретін адамдарға жол көрсетеді. Арасында иттер өте сезімтал болып келеді. Үйге бір ұры немесе жаман адам келсе, ол бәрін сезеді. Үріп-үріп түбіне дейін қуып шығады. Сондықтан да жеті қазынаның ішіне итте кіреді. Итке көп адамдар адалдықтың символы ретінде қарайды. Ия, шынымен де, ежелден халқымызда «ит адамның ажырамас серігі» деген пікір қалыптасқан. Жұлдызшылардың жорамалына қарағанда, ит жылында туғандар әділдікті жаны сүйер, өз құқығы үшін күресуге бар күшін сарп ететін жандар. Оны байлық көп қызықтыра бермейді.
Ит қазақ өмірінде маңызды орын алғандықтан ол туралы қазақта және басқа халықтардың халық аузында жүрген мақал-мәтелдер өте көп. Мысал келтіретін болсақ:
Ит жеңгенін талайды.
Ит не жесе, соны құсады.
Иттен өзге бұралқы.
Иттің табаны қышыса, керуенге ереді.
Иттің басын алтын табаққа салсаң,
Шоршып түседі.
Ит баласы — сүйгінші,
Тұра бара құсқыншы.
Жетелеген ит аңға жарамас.
Жетелеген төбет қораға үрмес.
Үрген иттен қорықпа,
Ол қабам деп хабар бергені.
Үрмеген иттен қорық,
Ол білдірмей қабам дегені.
Ит — жеті қазынаның бірі.
Қартайған ит жатып үреді.
Жетелеген ит сақ болмайды.
Ит міндетін үрумен өтейді.
Төренің иті төрде үреді.
Үре білмеген ит үйге қонақ келтіреді.
Күшігінде таланған ит оңбас.
Көк ит көп итті жеңбес.
Бұйдалаған нар тайлақтай,
Жетелеген тазы мойнақтай.
Үре білмеген ит үйіне ұры келтірер.
Ақсақ ит айға қарап үреді.
Оңбағанның иті ұры кеткен соң үреді.
Алжыған төбет айға қарап үреді.
Бір ит көріп үреді,
Бір ит еріп үреді.
Үрген ит кісі қаппас.
Қабаған ит қайыр байлайды.
Кішкене ит қартайғанша күшік
Ит арбаның астында жатып «сүйредім» дер.
Ит құтырса, иесін қабар,
Торғай құтырса, бүркітке шабар.
Ит бір сүрінсе, қырық сүрінеді.
Ит иттігін істемей қоймайды.
Ит итаяғын жаламай тойынбайды.
Ит аузына түскен соқта жаншылмай қалмайды.
Ит қорыған жерге өш.
Ит атасын танымас.
Иттің атасы жоқ.
Ауыл итінің достығы сүйек тастағанша.
Ит те киімге қарап үреді.
Ит үрген жерде ауыл бар.
Ит иесіне үрмес.
Иттің бәрі тазы емес,
Еттің бәрі қазы емес.
Иттің ырылдасқаны — амандасқаны.
Иттің ішіне сары май жақпас.
Итке тұмар жараспас.
Итке артқан қос далада қалады.
Ит — ырыс.
Ит — адамның құлағы.
Ит ұяласын аңсайды.
Ит ұяласынан қорықпайды.
Ит те бойдағында керіледі.
Ит тұмсығы жерде жатпас.
Ит төлеуі — бір күшік.
Ит үреді, керуен көшеді.
Ит жеген ішінен таусылар.
Ит арың болса — ауылдың намысы.
Ит күшігін ырылдап сүйеді.
Жақсы ит — малға серік.
Иттің құйрығын тартсаң, орнына барады.
Ет артқан түйеге ит ереді.
Жүгірген ит мал санатпайды.
Итке мылтық не керек?
Құрсағы жібіген ит жатпас.
Аш ит тапқанын асай береді.
Иесінің түйесі ме,
Тажалдың иесі ме, бәрі бір.
Қырда қасқыр ұлыса,
Үйдегі иттің бауыры сыздайды.
Өзім асыраған күшігім өзімді қапты.
Ауылға жақындағанда ит озады.
Ит иттігін істемесе, іші ауырады.
Итке берсең асыңды,
Иттер тартар басыңды.
Итті «күшім-күшім» десең, аузыңды жалар.
Итті иесімен қина.
Итті күшігінде үйрет.
Қорыққан ит үш күн үреді.
Бұралқы ит үріп жағады.
Үндемеген ит қабар.
«Кет!» десе, ит те кетеді.
Аш иттің артын сұқ ит жалайды.
Жеңген ит желкесінен.
Тауындағы түлкіні табындағы тазы алар.
Ел жатпай ит тынбас.
Жақсы ит — иесінің көзі, құлағы.
Жаман иттің атын «Бөрібасар» қояды.
Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпас.
Ақ ит, қара ит, бәрі бір ит.
Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді.
Ауыл итінің құйрығы қайқы.
Көп жорытқан ит күшәлаға жолығар.
Итаяғын ит екеш ит те қорғайды.
Қыры кеткеннің иті қырын жүгіреді.
Алтын қарғы ит мойнында да жүреді.
Иттің де тәңірі бар.
Жас қаншықтың көзі сау.
Ит иесіне тартады,
Түйекеш түйесіне тартады.
Ит ұяласын таламайды.
Иттің құлы — итақай.
Иттің шені — қарғыбауы.
Ит сүйекке қақалмас.
Ит жатқан жерде сүйек қалмас.
Ақсақ ит сау иттен сауға сұрайды.
Еңбексіз ит жер,
Бейнетсіз бит жер.
Майлаған қайысқа ит өш.
Ілгері басқанның иті оттайды.
Сары майдан дәметкен итің құрысын.
Иттің жатқан жері — төсегі.
Құр сүйекті ит те қаузамайды.
Қойға қасқыр шапса, ит семірер.
Елсізде ит те жолдас.
Өз көшесінде ит те жолбарыс.
Күші жоқ ит жүгірмес.
Айыр етекті шапандыға ит өш.
Қасқыр қорыққан төбеттен қаншық қорықпайды.
Ұры ит тойса да, тіміскілеуін қоймайды.
«Кел, кел» көп болса, ит те салауатты.
Ит тойған жеріне.
Ит тобын арыстан бастаса,
Барлық ит арыстан болады,
Арыстан тобын ит бастаса,
Барлық арыстан ит болады.
Ит басына іркіт төгілген.
Сүйреп қосқан тазы түлкі алмайды.
Иттің құсығы өзіне тәтті.
Қасқырлы жердің иті айтақшыл.
Қартайған ит шүкісін шығарып өледі.
Қанден иттің ңартайғаны білінбес.
Шолаң иттің арыны ңатты.
Ит айдауға көнбейді,
Шошңа байлауға көнбейді.
Ерке ит ауыз жалайды.
Ит иесін қаппайды
Сүйекпен ұрған ит қыңсыламайды.
Қорасында қойы жоқтың итінің сағын қара.
Жарамсақтанған ит жатқанша таяқ жейді.
Күніне жүз түлкі алса да,
Тазының ит аты қалмайды.
Ауыл иті ала болса да,
Бөрі келгенде бірігеді.
Ауыл-үйді бала мен ит араздастырады.
Итке маржан не керек?
Ит ашуын тырнаумен алады.
Қазаннан қақпақ кетсе,
Иттен ұят кетеді.
Иттің күні үрумен өтеді.
Ит жегенше иесі жесін.
Қанден ит қартайса да, шәуілдеуін қоймайды.
Құс қарайды құрымға,
Ит қарайды жұрымға.
Итке сүйек тастасаң қаппайды.
Иесі баққан ит семіз.
Иттің құтырғаны — өлгені.
Қырдағы қырғауылды қырамын деп,
Үйдегі тазыңнан айырылып қалма.
Иттің бажасы көп, құдасы жоқ.
Ит жүрсе, сүйек табады.
Далада бөрі ұлыса,
Үйдегі иттің іші ашиды.
Көпке күлкі керек,
Тазыға түлкі керек.
Жинақтаған: Жансая Елемесова