Бүгін таңертең Оңтүстіктің атпал азаматы Шаймерден Сатымбеков өмірден озды.
Шаймерден Тұрсымбайұлы 1962 жылы 10 қараша күні дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, 1980 жылы Шағыр станциясы 155-жол машина станциясында жол монтеры болып бастады. 1991 жылы Алматы темір жол көлігі инженерлік институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады. 1986-1992 жылдары Шағыр орта мектебінде мұғалім, Арыс қаласы партия комитетінде нұсқаушы, 1992-1993, 1994-1996 жылдары аралығында Арыс қаласы халық депутаттары кеңесі тексеру комиссиясының төрағасы, 1996-1999 жылдары Арыс қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарса, 1999-2004 жылдары Арыс қаласының әкімі, 2004-2005 жылдары ОҚО мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, 2005-2006 жылдары ОҚО жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар департаментінің директоры, 2006 жылы ОҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаменттің директоры, 2006-2008 жж. осы мекеме директорының орынбасары, 2008 жылы Арыс қаласының әкімі қызметін атқарды. Соңғы жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысып жүрген азамат 55 жасқа қараған шағында дүние салды.
Елге сыйлы азаматтың мезгілсіз қазасына қайғыра отырып, отбасына, туған-туыстарына көңіл айтамыз.
Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 08 қыркүйек күні сағат 15:00-де өз шаңырағында (Қонаев даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысы) өтеді.