• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Шерхан Мұртаза: «Е, Алла еліме бақ бере гөр!»

08.08.2017
0

Кезекті жұмыс аптасының алғашқы күнінде «Айғақ» телеарнасының басшысы Дулат Әбіш мені жұмыс кабинетіне шақырып, қолыма газеттің бір қиындысын ұстатты. Сол кезде бірден ел газеті «Егемен Қазақстанның» 8-бетіндегі «Шерағаңа сыр ақтарып қайтқанда…» атты мақала көзіме оттай басылды. Мақалаға көз жүгіртіп қарасам, жазушы Шерхан Мұртаза туған жері Жуалыға келіпті. Соңғы екі жылдан бері денсаулығы сыр беріп, Алматы қаласында тұрып жатқан Қазақстан Халық жазушысының кіндік кескен жеріне келуі бізді бірінші қуантты. Өскен, өнген өлкенің таза ауасымен тыныстауға келе жатқан кемеңгер тұлғамен жүздесіп, сыр сұхбат алуға асыққан біздер бірден Жамбыл облысына жол тарттық. Бұл біздің жазушының ауылына жасаған алғашқы сапарымыз емес. Бұған дейін, яғни 2017 жылдың көктемінде «Айғақ» арнасының түсірілім тобы Шерхан Мұртазаның ауылына аялдап, оңтүстік көрермендеріне тағылымы мол туындыны ұсынған болатын…

Талантты түлеткен Талапты деген кішкене елді мекенге жеткенде жүрегіміздің дүрсілі үдей түсті. Сырқаттанып жатқан жазушы бізді қалай қарсы алар екен?- деген сұрақ көңілімізде тұрды. Бір сәтте бойдағы күмәнді ысырып тастап, нар тәуекелмен Шерхан Мұртазаның ауылдағы шаңырағына кіріп келдік. Ағаштан тұрғызылған қос қабатты үйге кірсек жазушы жәйлі керуетте жан-жағын қаумалаған ағайынның ортасында отыр екен. Сол сәтте туған-туыстары, бауырлары амандығын білуге, көңіл сұрай келіпті. Сол қауымның ортасынан біз де табылдық.

02

Ағайынның аяғы сабырсыған сәтте Шымкент қаласынан барған біздер Шерхан Мұртазаның жанына жақындап, сәлем бердік. «Айғақ» арнасының журналисті, марқұм театрсыншысы Әшірбек Сығайдың шәкірті екенімді айтқанымда бетімнен сүйіп, қолымды қысты. Қазіргі кезде артық ауыз сөз айтпай, тек тыңдайтын Шерағаң бетіме қарап «жайғас» деп ишарат білдірді. Әкесінің қас қабағына қарап, қолына алған қызы Алма «ол кісі қазір тек тыңдайды, сөзді оқта-текте ғана айтады» деді.

00039-mts-still002

Биыл 85 жасты бағындырған талантты тарлан ғұмырының 40 жылын қазақ журналистикасына арнап, талай жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Халық пен биліктің арасын байланыстыра жүріп, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты да болды. Журналист-депутат болып жүрген жылдары халық үшін бас ауыртып, қазақ әдебиетінің нағыз жанашыры екендігін сөзбен емес, іспен дәлелдеді.  Бірталай шығарманың авторы атанған Шерхан Мұртазаның ел үшін жасаған еңбектерін осылай тізе берсең таусылмақ емес. Біз айтқан жүрекжарды мақтауларды естіген Шерағаң ұзақ ойланды. Қабағын көтеріп, қасын керіп, өзін Шымкент қаласынан арнайы іздеп келген біздің қолымызды қайта – қайта қысып, бетімізден сүйді. Ойлы жүзбен бетімізге ұзақ қарады.

01

Денсаулығы сыр беріп жүрген талант иесін ұзақ мазаламайық деп, қолымызды жайып бата сұрадық. Сол сәтте Шерхан Мұртаза «Е, Алла еліме бақ бере гөр!» деп, қос қолымен бетін сипады.

Айтылған осы бір үш ауыз сөзді естігенде бірден бойымызды қуаныш кернеп, рухымыз көтеріліп, жанымыз жадырап кетті. Қазақ қара сөз өнерінің наркескесі, халық жазушысынан мұндай бата алу екінің біріне бұйырмаған. Ия, «баталы ер арымас, батасыз ер жарымас» дейтін қазақ халқы қашанда ақ тілекті жанына жалау еткен. Шерхан Мұртазаның денсаулығын сұрап, батасын алған біздер жазушыға ең үлкен байлық – денсаулықты тіледік. «Бір кем дүние» деп Шерағаң айтқандай, Алла денсаулықтан кем етпей, 100  жасты тойлауды жазсын Сізге дегенімізде жүзі күлімсіреді. Ал, біздер жазушының ақ батасын алып, керемет әсерге бөленген бойда Шымкент қаласына жол тарттық. Ия, ержүрек ер Бауыржан Момышұлының жерлесі, қазақ әдебиетінің төрінен орын алған дара тұлға, халқы Шерағаң деп еркелеткен дарабоз тұлғамен осылайша сыр ақтарып қайттық.

Бағлан Байкөбекқызы

 

 

 

 

Previous Post

Елбасы Премьер-Министрді қабылдады

Next Post

Жыл басынан бері ОҚО-ға келген туристер саны екі есеге жуық артқан

Related Posts

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

by Айғақ медиа
06.08.2026
0

Шымкентте 40 тұрғынның көптен күткен арманы орындалды. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға арендалық тұрғын үйдің кілті табысталды. Жылдар бойы баспана кезегінде тұрған...

БІР ТӘУЛІКТЕ 543 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

БІР ТӘУЛІКТЕ 543 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

by Айғақ медиа
01.08.2026
0

Масаң күйде көлік жүргізген азамат жүргізуші куәлігімен қош айтысты. Енді 7 жылға дейін көлік тізгіндей алмайды. Оқиғаның мән-жайы былай. Қазір...

ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

by Айғақ медиа
01.08.2026
0

Шымкентте патрульдік полицейлер өрттің алдын алдв. Ташенов көшесін патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары қою түтінді байқап, оқиға орнына бірден жеткен. Олар...

МАУСЫМДЫҚ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫН БОЛЫҢЫЗ!

МАУСЫМДЫҚ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫН БОЛЫҢЫЗ!

by Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шаһарда шомылуға рұқсат етілген үш орын бар. Одан өзге жерде суға түскен азаматтарға әкімшілік шара қолданылады. Бұл туралы шомылу маусымындағы...

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

by Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

by Айғақ медиа
10.02.2026
0

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, елдің дамуына қатысты бірқатар салалар мен келелі істер бойынша сөз сөйледі. Соның бірі -...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.