Бүгін Оқушылар сарайында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың атынан дәстүрлі Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Мерекелік шараға қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров және депутаттар қатысты. Жаңа жылдық шыршаға жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар шақырылды.
Бүлдіршіндер Аяз ата мен Ақша қызбен бірге мереке шаттығына бөленіп, көңілді концерттік бағдарламаларды тамашалады.
Мерекелік шарада қала әкімі балаларды келе жатқан Жаңа жыл мекерекесімен құттықтап, Шымкенттен 3500 бала Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне баратындығын жеткізді.
Іс-шара соңында қала әкімінің атынан балаларға түрлі сыйлықтар табысталды.
10 МЛН ТЕҢГЕЛІК АЛАЯҚТЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ
Шымкентте киберполиция 10 миллион теңгені алаяқтардың қолына түсуден сақтап қалды. Белгісіз адамдар қала тұрғынына хабарласып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып,...











