Қайрат Әбдрахманов ҚР сыртқы істер министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының қаулысымен Әбдрахманов Қайрат Құдайбергенұлы Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалды және Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы Тұрақты өкіл қызметінен босатылды», — делінген Ақорданың сайтында.
Ақпарат көзі:Tengrinews.kz