Бүгін Сайрам ауданы әкімінің Өкімімен Мадияр Оразалиев Сайрам ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
1986 жылы дүниеге келген Мадияр Мұхтарұлы білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-технолог, заңгер, экономист. «Нұр Отан» Партиясының мүшесі бұл тағайындауға дейін ОҚО Мәслихатының депутаты болды. Жаңа қызмет иесін тағайындауымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тілейміз!