Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Сайрам соғысының қаһармандарына арналған ескерткіш ашылды
    Жаңалықтар

    Сайрам соғысының қаһармандарына арналған ескерткіш ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.10.20151 398 Views

    Қазақ Хандығының мерейлі мерекесі қарсаңында жоспарланған ауқымды шаралар  біздің өңірде де  өз жалғасын табуда. Бүгін   Шымкенттің қақ төрінен орын алған қазақтың қаһарман ұлдары – әрі батыр, әрі би, ірі қолбасшы Тілеу  Айтұлы мен оның ұлы Жолдаяқ Тілеуұлына  тұрғызылған еңселі ескерткіш салтанатты түрде ашылды. 1681 жылы  Сайрамда орын алған қырғын соғысқа арайлы Ақтөбеден 17 мың қол бастап келіп, ерлік көрсеткен батырдың рухына тағзым ету үшін еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған азаматтар келіп қатысты.06

    Төрелігін айтқан  би, қолына ту ұстаған батыр,  дархан ойлы дана адам ретінде ел мойындаған  Тілеу Айтұлының есімі тарих беттеріне  көз жүгіртер болсақ, расында  қастерлі. Арада үш  ғасырдан астам уақыт өтіп, есімі елеусіз қалған Тілеу ерлігін жаңғырту мақсатында Ақтөбе облысының «Құрметті азаматы» Кемейдулла Төлеубайұлы 2011 жылы «Айғақ» газеті мен телеарнасына   өтініш білдіріп  келген болатын. Қарияның игі бастамасы ақталып, облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіштің мұрындық болуымен ақсақал өңір басшысының қабылдауында болды.  Сол кездегі Қазақстан Республикасының  Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті Елшісі  Зауытбек Тұрысбеков сол кездегі ОҚО-ның әкімі Асқар Мырзахметовке тарихи деректерді ескере отырып, Сайрам өңірінде көше атауын беру, ескерткіш мүсінін орнату туралы ұсыныс айтып, хат жолдаған болатын. Дәл сол ұсыныс — пікірлер араға 4 жыл уақыт салып бүгін орындалып отыр. Халық тағдыры сынға түскен сәтте –қаһарлы жаудың  бетін қайтарып, айбынды тұлғасы ұлтқа үлгі, жұртқа ұлағат болып қалған қазақтың хас батырының    есімі, ерлігі   қайта жаңғырып,  еңселі ескерткіші бой көтеріп отыр.0103

    Тілеу батыр бастап келген 17  мың  сарбаздың  11 мыңы сол соғыста жер жастанды. Қаншама өлім жылаусыз, қаншама өмір сұраусыз кетті. Аласапыран заманда намыс жолында Тілеу қолбасшының  жанында жүрген қаһармандар ретінде оның ұлы Жолдаяқ пен інісі Қалдыбай батырлар танылады.  Бүгін ашылғалы отырған еңселі ескерткіште: әкесінің артынан еріп, қиын -қыстау сәтте тірекші болған  перзенті Жолдаяқ  қатар қойылған. Тарихи шарамен облыс тұрғындарын құттықтаған қоғам және мемлекет қайраткері, ел ағасы  Мырзатай Жолдасбеков: «Бұл ескерткіш Тілеу мен Жолдаяқ батырларға  емес,  болашақ ұрпақтың рухани биік болып өсуі үшін қажет»  екендігін  атап өтіп, елді бірлікке шақырар рухты  жырларын оқыды.05

    Ұлы баба рухын асқақтатып, болашақ жолында еткен ерлігі үшін   қала орталығында үстіміздегі жылдың 1 қазаны күні еңселі ескерткіші ашылған болатын.  Игі істің Оңтүстікте өз жалғасын табуда көпшілік заң ғылымдарының докторы, профессор Бекет Тұрғараев пен Иманәлі Байдаулетовтердің еңбегін ерекше атап өтті. Отан үшін басын өлімге байлаған нағыз ерлерді Оңтүстік қашан да құрмет тұтады.  Демеушілер көмегімен  орнатылған ескерткіштің  ашылуына   облыс, қала  әкімдіктері  де жан-жақты қолдау танытқан. Бүгінгі ұрпақ бой түзеп өсер  батырларымыздың айбынды  бейнелерінің  орнатылғанына  ел ағалары да өз разылықтарын білдірді.

    Ботагөз Мәдібек

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.