9 қыркүйекте, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов қатысып, бұл орталықтың еліміздегі бас сұхбат алаңына айналатынын айтты. Аталған іс-шарада «Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті дамыту және индустрияландыру бағдарламасының жүзеге асырылуы» тақырыбында алғашқы онлайн-брифинг ұйымдастырылды. Баспасөз конференциясына облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен «Хлопкопром целлюлоза» ЖШС бас директоры Қайнар Абасов қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев өңірдің индустриялды-инновациялық дамуы туралы айтты. Сонымен қатар, «Хлопкопром целлюлоза» ЖШС бас директоры Қайнар Абасов теңге курсының өзгеруі бүгінгі таңда экспортерлар үшін тиімді болып тұрғанын айтты. Себебі, әлемдік нарықта өткен жылы мақта шикізатының келісі 75-80 теңге болса, биылғы баға 100 теңгеге көтеріледі деп күтілуде. Бұл өз кезегінде шаруалардың өткен жылмен салыстырғанда 20 және одан да көп пайыз мөлшерінде пайда табуына мүмкіндік береді. Бүгінде ОҚО – транспорттық-логистикалық инфрақұрылымы дамыған, экономикалық және туристік әлеуеті жоғары, заманауи телекоммуникациялық жүйемен қамтылған аймақ ретінде қаржы салуға бар жағдайы жасалған өңір. Еске салайық, Шымкенттегі филиал Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлердегі сегізінші кеңсесі болып табылады. Мұндай орталықтар Алматы, Атырау, Қызылорда, Ақтау, Көкшетау, Павлодар және Өскемен қалаларында жұмыс істейді.
ШЕКАРА ШЕБІ: ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Сарыағаш шекара жасағы - еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш ашылған шекара жасақтарының бірі болып табылады. Облыс республикамыздың оңтүстік шекарасын қорғауда...