• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Маусым 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

1 қыркүйек — Білім күні құтты болсын!

01.09.2015
0

Бүгін Оңтүстіктің 1022 мектебінде алғашқы қоңырау соғылып, 602 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады. 70448 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаса, 22 білім шаңырағының лентасы қиылып, пайдалануға берілді. Есесіне, апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесі жыл сайын шешіліп келеді.  Таңертеңмен алтын ұясына асыққан жандар бір-бірімен сағына қауышып, алғашқы сабақтарына кірісіп те кетті. Сыңғырлаған алғашқы коңырау Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары үшін де соғылғанын айта кетейік.  Оқу ордасына арнайы келген Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов дарынды жастардың білімі мен  шығармашылығына шабыт тілей отырып, мерекелік құттықтауын жеткізді.

2014-2015 оқу жылында алғашқы қарлығаштарын жоғары оқу орнына шығарып салған химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің атап айтар жетістігі мол. Үш тілде білім беретін оқу ордасы шәкірттеріне барлық мүмкіндікті қарастырған. Нәтижесінде халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген мектеп мақтаныштары шетелдік оқу орындарының білім грантын жеңіп алған. Бітіруші 86 түлек медицина саласын таңдап, ел әлеуетінің дамуы жолында еңбек етпек. Түптеп келгенде, білімді жастар болашақ Қазақстанның еңсесінің нық болуында жұмыла жұмыс жасауға дайын.

Зияткерлік мектептің 129 түлегінің 128-і оқу гранттарына ие болса, облыстың өзге мектептерінің көрсеткіші де жоғары. Алтын белгі иегерлерінің республикадағы үлесі 30 пайызды құраған. Концерттік бағдарламадан кейін мектеп тынысымен танысқан Бейбіт Бәкірұлы зертханалық жұмыспен айналысатын шығармашылық топтың іскерлігіне куә болды. Әрбір сыныптан жиылған жұмыс иелері ғылымның дамуына өзіндік үлес қосуға талаптанып жүрген жастар. Әсіресе, физика-химия заңдылықтарын негізге ала отырып өндірісте пайдалануға болатын құрылғыларды ойлап тапқан.

Шәкіртпен бетпе-бет кездесіп, пікірлерін бөліскен Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов алғаш мектеп табалдырығын аттаған уақытын да еске алысты. Кеңес заманындағы білім алудың жағдайы бір бөлек десе, бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің үлесіндегі оқушыға жасалынып отырған жағдай салыстыруға келмейтіндігін айтады. Шәкірттерден талап етілетіні – бар ынты-жігерімен білім жолындағы өз бағытын дұрыс пайдалану керектігін алға тартты. Өйткені, мамандық таңдау да жауапты іс. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп Әбу Насыр Әл — Фараби айтқандай, басты мақсат саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан әкім Бейбіт Атамқұлов мектептерге ардагерлер кеңесінің мүшелерін, ақсақалдарды, зиялы қауым өкілдерін тәрбие сабақтарына қатыстыру мәселесін қозғады. Көнекөз қариялар арқылы үлкенді сыйлау, бір-біріне деген құрметті арттыруды көздесе, жасөспірімдердің салт-санасының қалыптасуы жолында жоғары буынның беделі мықты екендігін жасырмайды.

Өңірде биыл жалпы саны 104 білім нысанының құрылысы қолға алынып, жыл ағымында 49 мектепті іске қосу жоспарланған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 3 үш ауысымды, 27 апатты, 13 ыңғайластырылған ғимараттардың, 2 мектебі жоқ елдімекендердің мәселесі шешілмек.

Салтанат ТОЙБОЛОВА

 

4

1

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

ПОГОН АРТЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Айғақ медиа
24.06.2026
0

Тәулік бойы тынымсыз қызмет. Қауіп пен қатерге қарамастан қоғамдық тәртіпті күзету. Бірі қылмыстың алдын алса, енді бірі адам өмірін сақтап...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

Айғақ медиа
24.06.2026
0

Биылғы шомылу маусымында жазатайым 2 оқиға тіркелді. Десекте ол оқиғалар шомылуға тиым салынған аумақта орын алған. Қалада шомылуға рұқсат етілген...

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясында шаһардың алдағы дамуына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер қаралды. Депутаттар күн тәртібіне енгізілген 8 мәселені...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

ХАЛЫҚ ТАРИФ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДЫ СҰРАДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Жолдың жыры, тарифтің салмағы, автобустың азабы. Әл-Фараби ауданындағы халықпен кездесуде шымкенттіктер көкейдегі көп мәселені әкімнің алдына жайып салды. Шымкент қаласының...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Ауданнан аспайтын мәселені мегаполис мэрі шешуге мәжбүр.  Жол, жарық, су ағар, балалар ойын алаңшасына қатысты мәселелер Әл-фараби ауданы аумағында орналасқан...

«WORLDSKILLIS -2026» ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«WORLDSKILLIS -2026» ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Шымкентте «WorldSkills – 2026» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты қорытындыланды. Колледж студенттері бақ сынаған дода 45 құзыреттілік бойынша өтті. Төрт күнге...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.