Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп, тәулік бойына тыным таппай жүретін басшы қай кезде болмасын халқының қалаулысы, елінің елеулісі, жұртының шын жанашыры. Қаймағы бұзылмаған өлке Оңтүстікті тура 6 жыл, 6 ай басқарған білікті басшы Асқар Мырзахметовтың елге сіңірген еңбегі, туған өлкесін түлетуде тер төккен жемісті жылдары алғысқа ғана лайықты. Қабырғалы халқының қай кезде болмасын жанынан табыла білген Асқар Исабекұлының әрбір тірлікте өзіндік қолтаңбасы бар. Шымкент қаласының гүлденуінде аянбай еңбек еткен бірегей азамат, үшінші қала мәртебесіне лайықтады. Елдің әлеуеті артты, тұрмысы түзелді. Әрбір атқарылған ауқымды іс, жүйелі жоба бүгінде өз жемісін беріп келеді. Елбасы Н.Назарбаев өңірімізге жасаған әрбір сапарында А.Мырзахметовтың іскерлігі мен біліктілігіне, елжандылығына куә болып, оң бағасын беретін. Оңтүстікті басқарған әкімдердің ішінде елінің де, Елбасының да алғысына бөленген іскер басшы дегенде біздің облыс халқының көңілі алабөтен. Тіпті, Асқар Мырзахметовты Елбасымыз «Нұр Отан» Партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне лайық деп тапқан сәтінде, халықтың көңілінде қимастық сезім ұшқынының пайда болғаны рас. Алғысын жаудырды, алдағы жұмысына сәттілік тіледі, тіпті қазақтың қабырғалы ақыны Әселхан Қалыбекова апамыз Асқар әкімге деген жүрекжарды лебізін ақ қағазға түсіріпті. Ендеше, жыр жолдары сөйлесін.
Асқарға ақ жол!
Ақ жол бауырым Асқаржан
Оңтүстіктегі еліңді,
Алты жарым жыл басқарған,
Ізгілігіңнен жаңылмай,
Байрағын тікті басты арман.
Өзің ерткен ерлердің,
Еңбегімен Шымқала
Алтынменен апталған,
Күміспенен күптелген,
Көшелері көз тартып,
Көк балауса түптелген.
Кеңселері келісті,
Еңселері тіктелген.
Қылауы жоқ тірліктің
Көш бастарға жүктелген.
Асқар әкім атандың,
Ақсақалдардан бата алдың.
Тал қармаған тіліңді,
Тікен басқан дініңді
Көш бойы алға апардың
Дәстүріңді жаңартып,
«Ескі мінді» қопардың.
Ұранды да жаттадың
Бұйрығына даяр боп,
Президент пен Отанның.
Сегіз қырлы сарбазым,
Сүйсіне айтар мақтаным,
Алашты бағар апталым.
Жақсылардың жалғасы,
Ақ бұлақтың арнасы.
Азаматтығың екшеліп,
Адалдығыңды ескеріп,
Жанына алды Елбасы.
Нұр Отанның билігі,
Ұлы Отанның олжасы.
Төменге тарлық қылмасын,
Тәуелсіз елдің төрбасы.
Ақ жол саған Асқаржан,
Айқара құшақ ашып тұр,
Алаштың асқақ ордасы.
Әселхан Қалыбекова, Халық ақыны.