Ал, Ордабасыда қазақтың біртуар ұлы, ерекше қара күш иесі Қажымұхан Мұңайтпасұлы жатыр. Даңқты палуанның рухына тағзым жасай келген экспедициялық топ бағдарлама арқылы бабалардың ұлылығын танытпақ. Тарих толқынындағы елеулі есімдердің еңбегін дәріптеу замана өкілдерінің негізгі міндеті болмақ. Сонда ғана, өткенімізді ұлықтап, бүгініміздің болашағын бағамдай аламыз. Алып күштің иесі Қажымұхан Мұңайтпасұлы 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 бірдей медальді олжалаған қазақтың теңдессіз тұңғыш батыры.
ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Қай тілде білім алсаң, сол ұлтқа қызмет етесің. Бүгінде баланың тәрбиесі мен танымына цифрлық контенттің әсері зор. Алайда экраннан үздіксіз...










