baurzhan-omarbekov

Төлеби ауданына жаңа әкім тағайындалды

Бауыржан Омарбеков Төлеби ауданының жаңа әкімі болып тағайындалды.

Бауыржан Бақытұлы 1983 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша біліктілігі экономист, экономика ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 2005 жылы «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның Шымкент филиалының клиенттермен жұмыс жүргізу менеджері болып бастаған.

2006-2016 жылдары «Қазкоммерцбанк», «Банк Тұран Әлем», «Альянс Банк» акционерлік қоғамдарында менеджер, сектор меңгерушісі, бөлім бастығы және филиал директорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы директоры, Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары, 2016 жылдың ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің кеңесшісі, 2017 жылдың шілдесінен бастап жаңа қызметке дейін Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!