Абай ауданының прократурасы қадағалау аумағындағы әрбір елді мекенде уәкілетті органдардың қатысуында кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Атқарылып жатқан жүйелі жұмыс Қайнарбұлақ саяжайында жалғасын тапты. Прократураның үйлестіруіне полиция органдарының қызметкерлерімен бір қатарда аудан әкімдігі, қалалық әкімдік басқармасының қызметкерлері, кірістер басқармасының қызметкерлері және мектеп психологтары мен социологтары бір қатарда сап түзеп, әрбірі дайындалған алгоритмге сәйкес тиісті тапсырмаларын алды.
Рейдтік іс-шара барысында полиция органдарында қолайсыз отбасы ретінде профилактикалық есепте тұратын 25 отбасының мобильдік топпен мекенжайлары бойынша аралау жүргізіп, оның ішінде 6 отбасыға азық-түлік түріндегі материялдық көмек көрсетілді.
Қайнарбұлақ саяжайында орналасқан мектептердің есебінде тұратын кәмелетке толмаған 12 баланың мекенжайларына шығу арқылы олардың отбасылық-тұрмыстық тіршілігі тексерілді. Сонымен қатар, мектептен себепсіз қалып жүрген оқушыларға психологиялық көмек көрсетілді. Психологтың көмегімен А. есімді азаматшаны бөлмесінен шығарып, бейімдеу орталығына жіберілді.
Жалпы, рейдтік іс шара таңға дейін жалғасып, Полиция органдарының есебінде бұрын құқықбұзушылық жасағаны үшін сотты болған 63 тұлға тірек пунктке жеткізіліп, саусақ іздері алынды. Сондай-ақ, пробациялық есепте тұратын 67 тұлға, көші-қон заңнамасын бұзып жүрген 6 шетелдік тұлға, қоғамдық орында масаң күйде және қоғамдық орынды ластағаны үшін 13 тұлға анықталып, хаттамалар толтырылды.
Кірістер басқармасымен жүргізілген рейдтік іс-шара барысында жалпы 19 азық-түлік дүкендеріне қатысты хаттама толтырылды, жалпы 5085 алкогольдік өнімге қатыстты тәркілеу бойынша сотқа хаттамалар жолдануда.
Аталған бағытта аудан прократурасымен профилактикалық іс-шаралар өз жалғасын табады.