Жас дизайнерлер мен сәнгерлер халықаралық байқауда бақ сынады. М.Әуезов атындағы ОҚУ да алғаш рет студенттер арасында «ALTYN ORNEK» халықаралық байқауы шымылдығын түрді. Этномәдениетті насихаттау мен сақтау, студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту, мәдени құндылықтарға құрметпен қарауды үйрену, сонымен қатар дизайнерлердің кәсіби ортасын қалыптастыру мен тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған байқауға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан университеттерінің студенттері қатысты. Онда жас дизайнерлердің 30-ға жуық киім үлгісі көрермендер назарына ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша үздік деп танылған киім үлгілері үшін жаңа жоба жоспарда бар.
ӨРТ ҚАУПІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Шымкентте жыл басынан бері құрғақ өсімдіктер мен қоқыстың жануына байланысты 53 оқиға тіркелген. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт...











