Шымкенттік экскурсоводтар халықаралық деңгейде өз білімін арттырды. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен арнайы оқыту семинары өтті. Аталған іс шара сала өкілдерінің біліктілігі мен білімін жетілдіріп, туризм және қонақжайлылық саласындағы соңғы трендтермен танысып, Спикерлермен тәжірибе алмасты.
Қала қонақтары мен туристерге қала жайлы алғашқы көзқарасты қалыптастыратын гид-экскурсоводтарды биыл ерекше форматта оқыту жоспарланды. Әдетте, тарихи-мәдени бағыты бойынша білімдері мен тәжірибелерін арттырса, осы жолы таудағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жол көрсететін гид-инструкторларға да өз білімін арттыруға мүмкіндік беріліп отыр.
Семинарға Туризмді дамыту жөніндегі халықаралық сарапшысы Михайл Шамшидов, мейрамхана консалтингі бойынша халықаралық сарапшысы Денис Мельниченко, ҚР Қоғамдық тамақтандыру өзін-өзі реттейтін ұйымның төрағасы Вероника Нурпеисова, Қазақстан тау-гидтері ұлттық қауымдастығының президенті Лавренова Олеся арнайы шақырылды.
Айта кетейік, бұл қонақ жайлылық саласындағы сервисті жақсарту аясында өткізіліп жатқан алғашқы семинар-тренинг емес. «VISIT SHYMKENT» ТАО-ның ұйымдастыруымен 2021 жылы бастау алған болатын. Содан бері туристік индустрияның 250 ден астам өкілі біліктілігін арттыру туралы сертификат алды.