Шымкент қаласында алғаш рет джиу-джитсу спорт түрінен халықаралық турнир өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен және өзге де елдерден жалпы 250 ден астам спортшылар қатысты.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, достық қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған «AJP SHYMKET INTERNATIONAL» халықаралық турнирі Шымкентте шымылдығын түрді. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Азербайжан, Түркіменстан, Ресей елдерінен жалпы 250 ден астап спортшылар бақ сынады.
Бүгінгі балуандар бәсекесіне 6 жастан 16 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Бұл спорт түрі Азия ойындарының бағдарламасында бар. Маратбек Мықтыбековтың айтуынша бүгінгі халықаралық турнир спортшыларды олимпиадаға дайындау мақсатында ұйымдастырылды.
Бүгінгі күнде Шымкент қаласында джиу-джитсу спорт түрімен 200 ден астам спортшы шұғылдануда. Бұл спорт түріне қызығушылар саны жыл санап артып келеді.