img-20180505-wa0010

Кеңес Одағының батыры Қарсыбай Спатаевтың 100 жылдығына арналған іс-шара өтіп жатыр

Ұлы Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында  сұрапыл соғыс жылдарында өз Отанын фашистік басқыншылардан аман алып қалған біртуар батырлардың бірі Қарсыбай Спатаевтың 100 жылдығына орай Ордабасы ауданы əкімдігінің ұйымдастыруымен іс-шара өтуде.

img-20180505-wa0032Бүгінгі ұйымдастырылып отырған игі шараға Қалмыкия Республикасынан арнайы делегация келіп қатысуда. Сондай-ақ, мерейлі мерекенің құрметті қонағы ретінде Қарсыбай Спатаевтың қызы Аташова Нағима және немересі Ордабасы мектебінің директоры Аташов Ағайбек Ортайұлы арнайы шақыртылды. Сонымен қатар, шараға Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов, облыстық ата-аналар кеңесінің төрағасы, «Ұстаз нұры-Информ» газетінің бас редакторы Әнуарбек Бейсе және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Бәйдібек аудандық «Алғабас» газетінің бас редакторы Абзал Әділбеков қатысты. Бұл күні аудандағы ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, мерекелік тарту жасалды.

img-20180505-wa0021

img-20180505-wa0025

img-20180505-wa0026

Игі істі қолға алып, ардагерлерге құрмет көрсеткен азаматтарға Қарсыбай Спатаевтың қызы Нағима Аташова өз алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

 

img-20180505-wa0036

img-20180505-wa0031

img-20180505-wa0033Кеңес Одағының батыры Қарсыбай Спатаев 1918 жылы сәуірдің 15-інде Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Көктөбе ауылында өмірге келіп, 1942 жылы қарашаның 26-ы күні Ресейге қарасты Қалмақ Республикасы, Сарпинск ауданы, Шарнут кентінде ерлікпен қаза тапты. ІІ-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, миномет нысанашысы, қазақ.

13Кеңес әскері қатарына 1942 жылы алынып, Оңтүстік майдан 4-атты әскер корпусы 61-атты әскер дивизиясы 13-і жеке атты артиллерия дивизионы құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Сталинград шайқасында Спатаев асқан ерлік пен батырлық көрсетті. «Красный герой» ұжымшарының маңында болған ұрыста жаудың бір взводқа жуық жаяу әскерін жойып жіберді. Шарнумовский елді мекені түбінде Спатаевтың миномет расчеті 36 танкімен айкасқа түсті. Техника жағынан басым жау қорғаныс шебін бұзуға ұмтылды. Шайқас барысында қасындағы миномет расчеттері істен шығып, Спатаев қолында қалған жалғыз минасымен танкінің астына құлады. Спатаевқа жасаған ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.4.1943). Туған ауылы мен Шымкенттегі №7 мектепке Спатаев есімі беріліп, ескерткіш қойылған.

14Айта кетейік, батырдың ұрпағы Қарсыбайқызы Нағима Ордабасы ауданы Бадам елдімекенінде тұрады. 1941 жылдың желтоқсаныда дүниеге келген. Сұрапыл соғыс жылдарында туылған Нағима талай қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерген. Бүгінде  77 жасты алқымдаған ақ жаулықты әжей келешек ұрпаққа өз өмірімен өнеге болып, қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысып жүр.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!