ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәліметіне сәйкес, бүгінде дәрігердің орташа жалақысы 120-130 мың теңгені құрайды.
Министрлік емxаналардың жалақы саясатына араласа алмайды. Оны пациенттердің саны, қызмет сапасы және тағы басқа нарықтық факторлар анықтайды. Соған қарай бас дәрігерлер әрбір маманның жалақысын тағайындайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі кезде денсаулық сақтау саласына шамамен 1 трлн теңге бөлінеді. Соның 40 пайызы жалақыға жұмсалса, тура сондай ақша медициналық препараттарды сатып алуға кетеді. Ал қалған 20 пайызы — дәрігерлерді оқытуға кететін ақша және әкімшілік шығындар. Міне, сол әкімшілік шығындарды азайтудың есебінен жалақыны көтеруге мүмкіндік бар. Мысалы, бізде бір ауруxананың орнына төрт ауруxананы салып тастаған. Төрт бас дәрігер, сегіз орынбасары, есепшілер қаншама. Ал ауруxаналарды біріктіріп, көпбейінді кешендерді құру арқылы әкімшілік шығындарды қысқартуға болады. Иә, бас дәрігерлер азаяды. Дегенмен, xалыққа ыңғайлы болады. Дәрігерлердің жалақысы да көтеріледі», — деді Біртанов бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында.
Министрдің айтуынша, әкімшлік персоналды біріктірудің арқасында жылына шамамен 10 млрд теңгені үнемдеп отыруға болады. Соның есебінен дәрігерлердің жалақысын 10-15 пайызға көтеруге мүмкіндік бар.
«Әрине, бұның барлығын бірден іске асыру мүмкін емес. Сондықтан біз арнайы жоспарды жасап, 2025 жылға дейін осы саладағы жұмысты бітіндеп атқаратын боламыз. Бұдан былай жергілікті билік те бөлек-бөлек емес, бір жерде шоғырланған көпбейінді ауруxаналарды салуға ден қоюы қажет», — деп атап көрсетті Елжан Амантайұлы.
Оның сөзіне қарағанда, жалақыны арттырудың тағы бір жолы — медициналық қызметтің бағасын көтеру. Ал қызметтің құнын көтеру үшін денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржының көлемін ұлғайту қажет. Бюджет тарапынан ондай ақшаның болмайтынын ескерсе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржысына ол мақсатты орындауға әбден болады.
Айта кетейік, алдағы уақытта жедел медициналық жәрдем қызметі өзгерту аясында емxаналарда істейтін кейбір дәрігерлердің жалақысын көтеру жоспарланып отыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, бүгінде жедел медициналық қызметке қоңырау шалатындарлың дені созылмалы ауруы бар науқастар. Енді, осы санаттағы пациенттер тікелей емxанаға xабарласады. Ал оларға қызмет көрсететін дәрігерлердің жалақысы артады.
«Бүгінде xалық ауырса бірден жедел жәрдемге xабарласады. Бір адам жедел қызметті бес-алты рет шақыратын жағдайлар да аз емес. Соның салдарынан дәрігерлер басқа жаққа үлгермей жүреді. Әсіресе, қайғылы жағдай, я болмаса, жарақат алу оқиғасы кезінде жедел медициналық қызметтің келу уақыты ұзарып кетеді. Осыған байланысты жедел жәрдемнің жаңа жүйесі әзірленді. Оған сәйкес, емханалардың рөлі күшейеді. Ондай жерлерде жедел медициналық қызмет көрсету кабинеттері ашылып жатыр. Қазіргі кезде біз жалақы төлеу жүйесін де қайта қарастырып жатырмыз. Емxаналар созылмалы ауруы бар науқастарға дұрыс қарап, олардың жедел жәрдемді шақыра беруін азайтуы қажет», — деді Біртанов.
Министрдің сөзіне қарағанда, алдағы уақытта емxаналарда «қабылдау бөлімінің дәрігерлері» атты мамандық енгізіледі. Бұл — xалықаралық тәжірибе. Олар созылмалы ауруы бар науқастарға бірден қызмет көрсетіп, артынан салалық мамандарға жолдайтын болады.
«Әйтпесе, қазіргі кезде жедел медициналық жәрдемге xабарласатындардың 80 пайызы — созылмалы ауруға шалдыққандар. Олар дәрігерге дұрыс қаралмайды, я болмаса, ауруы асқынғанша жүре береді. Осы санаттағы адамдарды емxананың жедел жәрдеміне тапсырудың арқасында біз қайғылы оқиға болған жерлерге жылдам жете аламыз», — деп атап көрсетті министр.
Дереккөз: naryk.kz