Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы күндері ЭКСПО-ны тамашалаушылардың саны күрт артқан.
«Үш айға созылған ЭКСПО xалықаралық көрмесін тамашалаушылардың қатары кеше рекордтық көрсеткішке жетті. Нақты айтқанда 3 қыркүйек күні көрмеге 75 мыңнан астам адам келіпті. Бір аптаға созылған ОҚО-ның Астанадағы қортындысы да дәл осы күні ЭКСПО-дағы амфитеатрда гала-концертпен өткенін ескерсек, рекордтың иесі кім екендігі де белгілі болып шығады. Жалпы кешегі бір апталықта көрмеге 400 мыңдай адам келуінің өзі «эксподағыларды» есінен тандыра жаздады,-деп жазды өзінің Фейсбуктегі парақшасына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі әрі баспасөз қызметінің жетекшісі Бейсен Тәжібаев.
Айта кетейік, Елорда төрінде Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен «Ән мен күй әлдилейді Астананы!» гала-концертінде Қайрат Нұртас, Жұбаныш Жексенұлы, Алтынай Жорабаева, Нұрлан Өнербаев, Заттыбек Көпбосынұлы, Маржан Арапбаева, Ибрагим Ескендір, А.Жайлаубаева сынды елімізге танымал эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты.
EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің амфитеатрында өткен шараға Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Жансейіт Түймебаев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ-ы Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов жəне ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатттары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Oinet.kz