Уәкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтаған мәслихат депутаттарының орнына 26-наурыз күні сайлау өтеді. Қазіргі таңда, саяси додаға дайындық жұмыстары басталып кетті. Яғни, оңтүстіктегі 6 бірдей сайлау округінде бос тұрған орындарға қаңтар айының 30-жұлдызынан бастап депуттатарды тіркеу басталса, 24 ақпан күні саяси партиялармен кандидаттардың өзін-өзі ұсыну тоқтатылады. Айта кетейік, әзірге тіркелген кандидаттар жоқ. Дейтұрғанмен, саяси партиялар арасында праймериз кезеңі өтіп жатыр. Ал, үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары 1 және 24 наурыз күндері аралығында өтеді. Бұл туралы Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлім етті.
Еңлік Заманхан