ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Қай тілде білім алсаң, сол ұлтқа қызмет етесің. Бүгінде баланың тәрбиесі мен танымына цифрлық контенттің әсері зор. Алайда экраннан үздіксіз...
«Бала руханиятының алтын бесігі» тақырыбындағы апталықтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қасымбай Әбдіхалық арнайы қатысып, кітапсүйер қауымға ізгі ниетін жеткізді. Шара барысында қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің шығармалары дәріптелді.
Биылғы еліміздің мерейтойлар күнтізбесінде қазақтың алғашқы ағартушысы Ы. Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы енгізілді. Облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының директоры Зоя Бегежанова сөз алып, ғасырдан ғасырға жалғасқан руханият керуенінің мәні мен маңызына тоқталды. Ал аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары қазақ ғұламаларын сөйлетіп, бүгінгі ұрпаққа ұлағаттарын жеткізді. Әдеби монтаж Ыбырай Алтынсариннің туындыларына арналды. Аудандық «Жас толқын» жасөспірімдер театрының кішкентай өнерпаздары да өнерін ортаға салып, көрерменге қуаныш сыйлады.
Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының негізі 1961 жылы қаланды. 1976 жылы кітапханаға қазақтың ұлы ғалымы, фольклорист, педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді. Кітапхана – білім беретін, бос уақытты тиімді пайдаланатын, ақпараттық және коммуникативтік орталық болып табылады.
Кітапхана жыл сайын 27 мыңнан аса оқырманға қызмет көрсетіп, оларға 500 мыңға жуық түрлі әдебиеттер мен құжаттар беріледі. Кітапхана оқырмандары: мектеп жасына дейінгі, 1-9 сынып оқушылары және балалар оқуының жетекшілері (ата-аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер). Бүгінгі таңда кітапхананың кітап қоры 250 мыңнан асады. Бұлар балаларға арналған дүниежүзілік үздік әдебиеттер, осы заманғы балалар көркем әдебиеті (отандық және шетелдік), оқу процесіне көмектесетін салалық және анықтамалық әдебиеттер, мерзімді басылымдар, аудио және бейне материалдар, электронды басылымдар.Қай тілде білім алсаң, сол ұлтқа қызмет етесің. Бүгінде баланың тәрбиесі мен танымына цифрлық контенттің әсері зор. Алайда экраннан үздіксіз...
Ұшатын тәрелкенің орнына үйрек болса қайтер еді? Бірақ мергендер нысана ретінде кішкентай ұшатын табақшаларды көздеп, дәлдікпен атып түсірді. Шымкенттегі «Shooting...
Шымкентте өнегесімен көпке үлгі болған жанұялар марапатталды. «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауына қатысқан 12 әулеттің ішінен үздігі анықталып, жеңімпаз...
Елдегі экономиканы дамыту тетігінің бір ұшы- жастарда. Десе де бүгінде жоғарғы оқу орнын бітірген түлектер арасында өз мамандығымен жұмыс істемейтіндер...
Күзгі әскерге шақыру науқанындағы алғашқы толқын міндетті әскери борышын өтеуге аттанды. Шымкенттен 23 жас сарбаз ел шекарасын күзету үшін Жамбыл...
Үшінші мегаполисте алғаш рет мемлекеттік қызметкерлер арасында шахмат турнирі өтті. «Government Chess Cup 2026» сайысына түрлі мемлекеттік мекемелерден құралған командалар...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.