ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ
Болашаққа бастар маңызды қадам – бүгінгі таңдау. Шымкентте талапкерлерге арналған мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Бір алаңға жиналған жоғары оқу орындары мен...
«Бала руханиятының алтын бесігі» тақырыбындағы апталықтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қасымбай Әбдіхалық арнайы қатысып, кітапсүйер қауымға ізгі ниетін жеткізді. Шара барысында қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің шығармалары дәріптелді.
Биылғы еліміздің мерейтойлар күнтізбесінде қазақтың алғашқы ағартушысы Ы. Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы енгізілді. Облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының директоры Зоя Бегежанова сөз алып, ғасырдан ғасырға жалғасқан руханият керуенінің мәні мен маңызына тоқталды. Ал аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары қазақ ғұламаларын сөйлетіп, бүгінгі ұрпаққа ұлағаттарын жеткізді. Әдеби монтаж Ыбырай Алтынсариннің туындыларына арналды. Аудандық «Жас толқын» жасөспірімдер театрының кішкентай өнерпаздары да өнерін ортаға салып, көрерменге қуаныш сыйлады.
Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының негізі 1961 жылы қаланды. 1976 жылы кітапханаға қазақтың ұлы ғалымы, фольклорист, педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді. Кітапхана – білім беретін, бос уақытты тиімді пайдаланатын, ақпараттық және коммуникативтік орталық болып табылады.
Кітапхана жыл сайын 27 мыңнан аса оқырманға қызмет көрсетіп, оларға 500 мыңға жуық түрлі әдебиеттер мен құжаттар беріледі. Кітапхана оқырмандары: мектеп жасына дейінгі, 1-9 сынып оқушылары және балалар оқуының жетекшілері (ата-аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер). Бүгінгі таңда кітапхананың кітап қоры 250 мыңнан асады. Бұлар балаларға арналған дүниежүзілік үздік әдебиеттер, осы заманғы балалар көркем әдебиеті (отандық және шетелдік), оқу процесіне көмектесетін салалық және анықтамалық әдебиеттер, мерзімді басылымдар, аудио және бейне материалдар, электронды басылымдар.Болашаққа бастар маңызды қадам – бүгінгі таңдау. Шымкентте талапкерлерге арналған мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Бір алаңға жиналған жоғары оқу орындары мен...
Балалар кардиохирургиясын дамыту бағытында маңызды жоба қолға алынды. Жыл соңына дейін Шымкентте республикалық деңгейдегі аймақтық кардиохирургиялық орталық ашу жоспарланып отыр....
Шымкентте халықты тұрғын үймен қамту бағытындағы жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Осыған орай қалада тағы 30 отбасы көптен күткен баспаналарына...
Шымкенттің халқы бүгінде 1 миллион 300 мыңға жуықтады. Халық көбейген сайын сапалы медицинаға деген сұраныс та артып келеді. Ал осы...
Қазір жасанды интеллект тек бір саламен шектелмейді. Ол медицинада диагноз қою мен қызмет көрсету сапасын арттыруға, білім беру жүйесінде оқыту...
Бір ғана ұшқын… Бір сәттік салғырттық… Диқан үшін ең үлкен қауіп – қуаңшылық қана емес. Көзді ашып-жұмғанша тұтас алқапты жалмауы...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.