Шымкентте ерекше рекорд тіркелді. Мегаполисте өткен дәмді фестиваль аясында аспаздар салмағы 34 келіден асатын алып хот-дог әзірледі. Оған кинэс өкілдері арнайы келіп, нәтижені ресми түрде тіркеді.Бұл Шымкенттегі этноауыл аумағында ұйымдастырылған ауқымды көше тағамдары фестивалі. Ондағы ең басты оқиға — алып хот-догтың жасалуы болды.
Аспаздар ұзындығы мен салмағы таңғалдыратын тағамды дайындау үшін ондаған келі өнім жұмсаған. Нәтижесінде салмағы дәл 34 келі 650 грамм болатын хот-дог дайын болып, рекорд ресми түрде бекітілді. Жиналған халық бұл ерекше дәмнен ауыз тиіп, фестиваль жоғары деңгейде өтті.








