Шымкент қаласында сауда орындарының барлығын электронды жүйеге көшіру жоспарланып жатыр. Яғни, дүйсенбіден бастап базарлар мен азық-түлік дүкендерінің сатушылары тұтынушыларға электрондық төлем жасауды ұсынуы тиіс. Егер бұл талапты орындамаса жұмысын тоқтатады. Бұл коронавирусқа тосқауыл қойыудың бірден бір жолы. Осылай деген, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исақов және банк өкілдері баспасөз брифингін өткізді.
Ал, банкомат картасы жоқ азаматтар не істейді? Бұл бойынша 6 сәуір күнінен бастап Шымкент қаласындағы екінші деңгейлі банк өкілдері азаматтарға банкомат карточкасын рәмсімдеп беру ісіне көшеді. Каспий банктің Шымкенттегі филиалы қаланың төрт шетіне «Карта мат» қойыудан бастамақ. Мұның тиімділігі азаматтар 1 жарым минуттың ішінде банк карточкасына қол жеткізеді. Әзірге, Қалдаяқова, Адырбекова 178 А, Қазыбек би 18 көшелеріне және 16 мөлтек ауданға орнатылмақ. Сондай-ақ жиын барысында төтенше жағдай кезінде азаматарға көмек ретінде берілетін 42 500 теңгенің мәселесіде қозғалды. Мамандардың мәліметінше бүгінде Шымкент қаласында 30 мыңға жуық азаматтың мемлекетке қарызы бар екені анықталған. Дегенмен, ол азаматтарда 42 500 теңге көлеміндегі жәрдем ақыға қол жеткізе алады.
«Айғақ-ақпарат»











