• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қазан 24, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Облыс әкімі Б.Атамқұловтың кезекті жұмыс сапары Түркістан, Кентау қалаларына арналды

31.08.2015
0

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловтың кезекті жұмыс сапары сәрсенбі күні қасиетті Түркістан қаласынан басталды. Өңір басшысы алдымен Қ.А.Ясауи кесенесіне барып, тарихи тұлғаның рухына тағзым етті.  Түркі жұртына ортақ рухани орда саналатын көне шаһарда облыс басшысы зияратшылар және қол өнер орталықтарының жұмыстарымен, олардың туризмді дамыту бағытындағы бастамаларымен танысты. Көне шаһардың туристік әлеуетін одан әрі дамыту керектігіне көңіл бөлген облыс әкімі қала басшылығына осы бағытта бірқатар нақтылы міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді.Sequence 02.Still008

Одан әрі облыс әкімі Түркістан қалалық балалар ауруханасымен танысты. Танысу барысында демографиялық өсімі күн санап артып келе жатқан аймақтағы ахуалды жете түсіну үшін №3 облыстық перинатальдық орталығына арнайы барды. Бұдан соң облыс әкімі «Ақ жол» ЖШС мен «Мамлакат» шаруа қожалығының нан өнімдерін шығаратын және  шұжық өндіру цехын аралап көрді. Сапар барысында облыс әкімі кейбір БАҚ беттерінде сынға ұшыраған Түркістан қаласының маңында орналасқан индустриялды аймақта болып, онда атқарылып жатқан жұмыстармен жіті танысып, іске асып жатқан жобалар туралы кеңінен мағлұмат алды.  Жалпы аумағы 40 га. алып жатқан бұл өндірістік аумақта тоғыз жоба іске асуда. Қазіргі кезде аймақта барлық қажетті инфрақұрылым тартылған. Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Бейбіт Атамқұлов жоспардан тыс, күтпеген жерден «Қуаныш» базарына барып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бағамдады. Базардағы азық-түлік тауарларының бағасын зерделеу барысында бағаның негізсіз өсу фактілері анықталмады. Бүгінде Түркістан қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандыру жөнінде жеті жұмыс тобын құрған. Жұмыс сапарының соңында Б.Атамқұлов жергілікті ақсақалдармен кездесіп, сұхбаттасты. Олардың батасын алып, Кентау қаласына аттанды.  Sequence 02.Still011

Кентауда облыс әкімі трансформатор зауытының жұмысын көріп, оның іргесінде орналасқан индустриалды аймақта іске асып жатқан жобалармен танысты. Зауыт басшылығы облыс әкімімен кездесу барысында ұлттық валютаның еркін айналымға шығарылуы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп сендірді. Одан бөлек, зауыт жанынан Политехникалық колледж ашылып, оны бітірген түлектердің барлығы осы кәсіпорында жұмыспен қамтылуда. Бұдан кейін облыс әкімі қаланы жылумен қамтушы «Кентау сервис» коммуналдық кәсіпорнында болып, жылыту маусымына дайындық жұмыстарын қадағалады. Кентауға жасаған жұмыс сапары барысында өңір басшысы Ю.Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейінің жаңа оқу жылына дайындығын көріп, қалалық орталық клиникалық ауруханасының бүгінгі ахуалымен танысты. Жұмыс сапары соңында облыс әкімі Кентау қаласының беделді ақсақалдарымен жүздесіп, шаһарды әрі қарай өркендету бағытындағы жаңа міндеттер жөнінде пікір алмасты.

Бөлісу7TweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.