Түркістан облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен барша қазақстандық қыз-келіншектерді, аналарымызды, аруларымызды құттықтады, — деп хабарлайды «Айғақ-ақпарат» тілшісі.
«Құрметті ханымдар!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Осындай шуақты күнде әлем жаңарып, көңіл жадырайды. Бұл мейірім мен махаббаттың, сыйластық пен ізгіліктің, жылулық пен шапағаттың күні. Жақсылықтың нұры сіздерден тарайды, айнала сүйіспеншілікке бөленеді.
Қымбатты арулар, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілейміз! Мейірім мен тазалықтың символы іспеттес аналар мейрамы шаттық пен қуаныш сыйласын!
Ізгі ниетпен,
Кайрат Балабиев», — делінген хабарламада.