• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркістан облысында израильдік ғалымдардың қатысуымен жиын өтті

07.03.2020
0

Еліміздегі барлық агроқұрылымдардың 33 пайызы Түркістан облысының еншісінде. Олардың тең жартысынан астамы ұсақ және майда шаруа қожалықтары. Былтыр жылына 2-3 рет астық жиған диқандардың арқасында қазына 39 млрд. теңгеге толыққан. Бұл туралы Келес ауданында өткен «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу – көкөніс шаруашылығын дамытудың негізі» атты семинар-кеңесте айтылды. Жиынға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, Израиль – Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаил Роэге, ғалымдар, аудан, қала, ауыл округтері әкімдері, агроқұрылым басшылары мен кәсіпкерлер қатысты, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің алдына саладағы еңбек өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 5 жылда 2,5 есеге арттыру міндетін қойды.  Осы орайда, Түркістан облысының табиғи-климаттық жағдайын, мүмкіндігін ескере отырып, 2019 жылы «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасын қолға алған болатынбыз. Нәтижесінде, 3 млрд. теңгеге 107 жоба іске асып, 39 млрд. теңге болатын ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Қосымша 364 жұмыс орны ашылды», – деді жиын барысында аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев.

Әлемде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден, экспорттаудан үздік елдердің бірі саналатын Израиль мемлекетінің  жалпы аумағы Түркістан облысының 6/1 бөлігін құрайды, делінді жиын барысында. Соған қарамастан, жылына 1 млрд. АҚШ долларының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді. Түркістан облысы климатының жайлылығы мен топырағының құнарлығын түсінген осы ел ғалымдары жылына бірнеше рет өнім жинау әдісіне аса қызығушылық танытуда.

Жылына бірнеше рет өнім алу тәсілінің тиімділігін шетелдік ғалымдардың өзі мойындап отыр.

Осы әдіс арқылы 1 гектар жерден жылына 6-7 млн. теңгеге дейін табыс табуға болады. Биыл да бұл істі әрі қарай дамыту мақсатында әр ауылдық округте кеміне 10 жобадан іске асыру көзделіп отыр. Қазірдің өзінде өңірде 600-ден астам шаруа қожалығы бірінші өнім егініне кіріскен.

Өңірде етек жайған жаңбырлатып, тамшылатып суғару технологиясын ендіру шығына төленетін субсия көлемін 400 мың теңге дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Барлық тыңайтқыштар, гербицидтердің түрлерінің 50 пайызын субсидиялауды басталды. Бұған биыл алғаш рет пестицидтер, инсектицидтер де қосылды.

Ауқымды шарада ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тыңайтқыштар, гербицидтер және ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізушілер өнімдері таныстырылды.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА БЕТБҰРЫС

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА БЕТБҰРЫС

Айғақ медиа
17.07.2026
0

Елімізде жаңа Конституцияның ресми күшіне енуіне орай Жұмабек Тәшенов атындағы университетте дөңгелек үстел өтті. Басқосуда Ата заңда айқындалған білім беру,...

БІРҚАТАР ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛА АЛАДЫ

БІРҚАТАР ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛА АЛАДЫ

Айғақ медиа
17.07.2026
0

Конституциялық Сот Ата заңның бірқатар нормаларына ресми түсіндірме берді. Онда Жаңа құжаттың 43, 72, 83 және 84-баптарында көзделген жоғары мемлекеттік...

10 МЛН ТЕҢГЕЛІК АЛАЯҚТЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
16.07.2026
0

Шымкентте киберполиция 10 миллион теңгені алаяқтардың қолына түсуден сақтап қалды. Белгісіз адамдар қала тұрғынына хабарласып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып,...

31 ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ

МЕГАПОЛИСТЕН ШЫҚҚАН ЖАС ТАЛАНТ

Айғақ медиа
16.07.2026
0

Жүзу – төзімділік пен тәртіпті талап ететін спорт түрі. Шымкентте осы спортқа қызығатын жастардың қатары жыл сайын артып келеді. Солардың...

31 ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ

31 ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
16.07.2026
0

Шымкентте биыл 31 заңсыз қоқыс орны анықталды. Бұл туралы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру...

ЖАҢА БАСПАНА ИЕЛЕНГЕН 30 ОТБАСЫ

ЖАҢА БАСПАНА ИЕЛЕНГЕН 30 ОТБАСЫ

Айғақ медиа
15.07.2026
0

Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.