• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Желтоқсан 28, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Ауыл шаруашылығы өнімдерін дамытуға бағытталған семинар кеңес өтуде

06.03.2020
0

«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу – көкөніс шаруашылығын дамытудың негізі». Дәл осы тақырып аясында Келес ауданында облыстық семинар кеңес өтіп жатыр.

Семинар-кеңеске Түркістан облысы әкімі Ө.Шөкеев, Израиль – Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаил Роэге, «Ел өнімі – Республикалық жобасының» Түркістан облысының жетекшісі Ақбаян Төлбасықызы, ғалымдар, аудан қала, ауыл округтері әкімдері, агроқұрылым басшылары мен кәсіпкерлер қатысуда.
Сондай – ақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тыңайтқыштар, гербицидтер және ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізушілер өнімдері таныстырылды.
Түркістан облысының әкімдігі өңірдің табиғи-климаттық жағдайын, мүмкіндігін ескере отырып, 2019 жылы «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасын қолға алған болатын.


Нәтижесінде, 3 млрд. теңгеге 107 жоба іске асып, жалпы құны 39 млрд. теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп қосымша 364 жұмыс орындары ашылған.
Тәжірибе көрсеткендей жобаның тиімділігі жылына 1 гектардан 6 — 7 млн теңгеге дейін табыс табуға болатындығын көрсетті, яғни 2- 2,5 есеге артық өнім алуға болады.
Ағымдағы жылы жобаны әрі қарай дамыту, кеңінен тарату мақсатымен әр ауылдық округте 10 жобадан іске асыру көзделіп отыр.
Бүгінгі күнге 127 ауылдық округ анықталып, 4 мың га аумақта 1390 жобаны іске асыру жұмыстары басталған.
Қазірдің өзінде 1,8 мың гектарға 634 шаруа қожалық бірінші өнімін алу үшін егіске кіріскен.


Бұл жобаның келешегі биік, маңызы зор, нағыз Түркістан облысына арналған жоба. Оның бірнеше себептері бар. Атап айтқанда:
— біріншіден, Түркістан облысы Республиканың оңтүстігінде орналасқан, басқа аймақтармен салыстырғанда күннің жылуы көп. Бұл кез-келген өнімді ерте мерзімде дайындап, тиімді бағамен өткізуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, республикада 214 мың шаруа қожалық болса 71 мың агроқұрылым бізде тіркелген, яғни 33% құрап отыр. Оның ішінде 3 га дейін — 28 мың, 5 га дейін – 18 мың шаруа қожалық тіркелген, яғни облыс бойыншасаладағы үлестің 65%-ын ұсақ шаруа қожалықтар құрап отыр.
Әлемде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден және экспорттаудан үздік елдердің бірі — Израиль мемлекеті. Аумағы 21 мың шаршы шақырымды құрайтындығына қарамастан, жылына 1 млрд.АҚШ дол. құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді. Экспорт көлемі 500 млн. АҚШ доллардан асады.
Бұл жерде 2 га жері бар агроқұрылым, ірі шаруашылық болып саналады.
Сондықтан ұсақ, майда шаруа қожалықты кемшілігіміз емес, артықшылығымыз деп бағалап, ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту, ауыл шаруашылығы өндірісін еселеп арттыру мақсатында озық технологияларды өндіріске ендіру, оның ішінде «Ауыл шаруашылығы дақылдарынан жылына 2-3 өнім алу» жобасын қолға алу семинар-кеңесте ұсынылды.
Сондай-ақ, семинар-кеңесте «Ел өнімі – Республикалық жобасы» бағдарламасы аясында көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау мақсатында «Үйіргелік жерлерді игеру» жобасы таныстырылды.
Ағымдағы жылы Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 825,0 мың га орналастырылатын болады.
Бүгінгі күнге жер айдау жұмыстары мен техникалар дайындығы 96 % орындалды.
Бүгінгі күнге 5,1 мың га көкөніс, 1,0 мың га арпа, 0,5 мың га жоңышқа,1,0 мың га қартоп егілді. 157,0 мың га егілген күздік астықтың жағдайы жақсы. Үстеп қоректендіру жұмыстары басталды.
Көктемгі дала жұмыстарын атқаруға 37,0 мың тонна жанар-жағар май бөлініп отыр. Оның ішінде 10,0 мың тоннасын алғаш рет ақпан айынан бастап тарату шешілді. Бағасы да тиімді, литріне шаққанда 175 теңгеден босатылады. Жеткізіп берумен 177,0 теңге. Бұл нарықтағы бағадан 15 теңгеге арзан.
Барлық тыңайтқыштар, гербицидтердің түрлерінің 50 пайызын субсидиялауды басталды. Бұған биыл алғаш рет пестицидтер, инсектицидтер де қосылып отыр. Тыңайтқыштар мен пестицидтердің 50 пайызын субсидиялауға облыстық бюджеттен 4,0 млд. теңге жуық қаржы бөлінді.
Жаңбырлатып, тамшылатып суғару технологиясын ендіру шығына төленетін субсия көлемін 175,0 мың теңгеден 400,0 мың теңге дейін ұлғайтуды көздеп отыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.