• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Сәуір 7, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қазақстан PDAC 2020 геологиялық барлау және игеру бірлестіктерінің халықаралық конвенциясына қатысты

06.03.2020
0

PDAC геологиялық барлау және игеру бірлестіктерінің жыл сайынғы халықаралық конгресі — әлемдегі геологиялық және тау-кен өндірісіндегі ең ірі оқиға. Шараға 132 елден 25 мыңнан астам делегат, 2,5 мыңнан аса инвестициялық компания, 800-ге тарта жоғары деңгейлі спикерлер қатысады, — деп хабарлады

Биыл форум наурыздың 1-4 аралығында Канаданың Торонто қаласында өтіп, оған Қазақстаннан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев бастаған мемлекеттік органдар мен ұлттық, консалтингтік және бизнес-компаниялардың делегациясы қатысты.

PDAC 2020 форумы аясында алғаш рет «Kazakhstan Day» сессиясы ұйымдастырылып, оған 150-ден астам шетел компанияларының өкілдері қатысты. ҚР-ның Канададағы елшісі Ақылбек Камалдинов, вице-министр Руслан Баймишев, «Тау-Кен Самұрық» ҰК» АҚ төрағасы Қанат Құдайберген, Rio Tinto геологиялық барлау жөніндегі директоры Кен Тейнтон және ұлттық, сервистік, консалтингтік компаниялардың өкілдері сөз сөйлеп, баяндама жасады. Сессияда тау-кен өнеркәсібіндегі инвестициялық климат, жүргізілген реформалар, жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама, инвестициялық преференциялар, инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігі, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың Қазақстанда жұмыс істеу тәжірибесі туралы айтылды.

Сондай-ақ, Р. Баймишев PDAC форумы аясында өтетін Тау-кен министрлерінің 5-ші халықаралық саммитіне қатысты. Биыл саммитке 30-дан аса елдің министрлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың бірінші басшылары, оның ішінде өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы, Дүниежүзілік банк және Дүниежүзілік экономикалық форумы басшылары қатысты. Саммит «Болашақтың минералды-шикізаттық индустриясы» қолдауымен өтіп, индустрияның жаһандық беталыстары, климаттың өзгеруіне байланысты проблемалар, минералдық шикізат өндіруге сұраныстың артуы, өндірістің жоғары технологиялық түрлерін дамыту сияқты т.б. сұрақтар талқыланды. Министрлер жаһандық өзгерістердің шешімі туралы және дүниежүзілік құн тізбегіндегі тау-кен өндірісінің орнықты дамуын қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі туралы ой бөлісті.

PDAC 2020 аясында 3 наурызда «Cerba Eurasia mining conference 2020» 20-жылдық мерейтойлық конференциясы өтті. Онда инвестициялық климат және қазақстандық жер қойнауын пайдалану саласының мүмкіндіктері бойынша шетелдік серіктестер мен компанияларға ұсынылды. Вице-министр «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің негізгі жаңашылдықтарына, инвестициялық преференциялар мен геологиялық барлау саласына инвестициялау мүмкіндігіне қосымша: «Бүгінгі таңда «first come – first serve» қағидаты бойынша 600-ге жуық лицензия беріліп, 460 мың шаршы шақырым барлау алаңы ашылды. Сонымен бірге, барлауға арналған лицензиялар санының өсуімен қызмет көрсету сегментіне сұраныс өскенін байқаймыз. Атап айтқанда, әуедегі және жердегі геофизикалық жұмыстар жүргізу, геохимия, бұрғылау және т.б. Қазақстанда бұрын тәжірибесі жоқ жаңа сервистік компаниялар жобаларды сәтті жүзеге асыруда » — атап өтті. Сонымен қоса Министрліктің ашықтығын атап өтілді. Инвесторлармен және жер қойнауын пайдаланушылармен кездесулер апта сайын жұма күндері өткізіледі. Онда кез-келген адам Жер қойнауы туралы кодекске, лицензия алуға өтініш беру және тағы басқа сұрақтар бойынша сараптамалық кеңестер ала алады.

Биыл 14 ақпанында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев пен Канада Премьер-Министрі Д.Трюдо арасында өткен ресми кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мақсатында ҚР-ның Канададағы елшілігінің қолдауымен Канада Табиғи ресурстар федералдық министрі Симус Орейганмен және Парламент хатшысы Пол Лефеьреммен, Онтарио провинциясының Экономикалық даму және сауда министрі Пол Онтариомен, Онтарио провинциясының экономикалық даму және сауда министрі Вик Феделимен, Британдық Колумбия провинциясының энергетика, тау-кен және мұнай және газ министрінің орынбасары Питер Роб және Квебек провинциясының тау-кен, энергетика және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Натали Кадменмен кездесу өткізілді. Онда тараптар тау-кен саласындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтіп, мемлекет пен инвестициялық мүмкіндіктер туралы тиісті сараптамалық және іскери ақпаратпен алмасты және жер қойнауын пайдалану саласындағы саланы реттеу тәжірибесімен бөлісті. Кездесулердің нәтижелері бойынша қазақстандық тарап Канададан іскерлік делегациялар құрып, геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту үшін Қазақстанға сапармен келуді ұсынды.

Сонымен қатар, PDAC конвенциясы аясында қазақстандық делегациясы жер қойнауын пайдалану саласындағы ірі әлемдік компаниялар арасында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда Австралияның «Fortescue Metals Group» компаниясының бас өкілі Г.Варммен, «Freeport-Mcmoran» американдық тау-кен компаниясының вице-президенті М. Кенбимен, «Rio Tinto» атқару Комитетінің өсу және даму жөніндегі мүшесі С.Макинтошпен, Anglo American Group Discovery Geoscience басшысы Д. Ванмен, Канадалық «Kinross Gold» компаниясының вице-президенті М. Ван Аккамен кездесті. Тараптар Қазақстанның жер қойнауы туралы заңнамасы, саланы мемлекеттік реттеу, инвестициялық климат және нақты жобалар бойынша пікір таласты. Нәтижелері бойынша компаниялар геологиялық барлауға инвестиция салуға үлкен қызығушылық танытып, еліміздің тау-кен өндірісінің болашағын жоғары бағалады. Компаниялар Қазақстанға осы жылдың сәуір айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін MINEX KAZAKHSTAN тау-кен форумы аясында ынтымақтастық мәселелерін толығырақ зерттеу үшін келуге ниет білдірді..

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.