Қазақ тілі мәртебесін көтеруге бар ғұмырын сарп еткен академик Өмірзақ Айтбайұлы өз туған жері, Шәуілдірге жеткізілді. Ел ағасымен қоштасу қаралы митингісі Арыстан баба мешітінде өтті. 84 жасқа қараған шағында жалған дүниемен қоштасқан академикті, жерлестері мен ет жақын бауырлары ақтық сапарға шығарып салды. Ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде Елбасы Н.Назарбаевтың және ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Үкімет басшысы мен сенаторлардың, облыс әкімдерінің қоштасу хаты оқылды. Бұл тұста зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері арнайы келген.

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН
Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...










