Сенбі күні Алматы қаласындағы Астана алаңында Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті.
Оңтүстік Қазақстан облысының 3 қаласы мен 11 ауданының тауар өндірушілері Алматыға жалпы сомасы 135,6 млн. теңгенің 244 тонна өнімін алып барып, базар нарқынан 15-20 пайызға арзан 50-ден астам өнім түрін ұсынды. Олардың ішінде ет және балық өнімдері — 72 тонна, жеміс-көкөніс өнімдері — 135 тонна, сүт өнімдері — 12 тонна және басқа да өнімдер — 25 тонна. Өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жәрмеңкені аралап, тауарлардың сапасы мен баға деңгейін көрді.
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ
Шымкент қаласында арнайы белгіленген мал жаятын орындар жоқ. Оған себеп, қаланың республика көлемінде 3 ші мегаполиске айналуы. Осыған байланысты Абай...










