• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Ақпан 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 20 желтоқсан, 2018 жыл.

22.12.2018
0

— Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығы — Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтеріп жатқан 26 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. 1536 пәтерден тұратын баспаналардың 1200 пәтері (20 тұрғын үй) арендалық үйлер болса, қалған 6 тұрғын үй, яғни 336 пәтер кредиттік баспаналар қатарында. Іргетасы осы жылдың қыркүйек айында қаланып, мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан 60 пәтерлі 20 тұрғын үйдің 11-і (660 пәтер) 2019 жылдың сәуір айында тапсырылады. Ал 9 тұрғын үй (540 пәтер) келер жылдың қараша айына ел игілігіне берілмек. Кредиттік көпқабатты 6 тұрғын үйдің (336 пәтер) құрылыс жұмыстары 2019 жылдың маусым айында аяқталып, пайдаланылуға тапсырылады. Жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысы да халық игілігіне тапсырылды. Сондай-ақ, 900 орындық мектептің есігін жаңа оқу жылына дейін ашу жоспарлануда. Жаңа облыс орталығы Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік аймағында қазір жаңа әкімшілік ғимараты, басқармалар және департаменттер үйлері, сондай-ақ, 5 жұлдызды «Риксос» қонақ үйінің құрылысы басталып кетті.

-19 желтоқсан күні Түркістан қаласының бірнеше тұрғыны облыс әкімі Ж.Түймебаевтың қабылдауында болды. облыс орталығы болған Түркістан қаласында жаңа жоспарға сәйкес көптеген құрылыс нысандары салынады деп жоспарланып отыр. Осыған орай, ситуациялық сызбадағы 98 гектар жерді құрайтын екінші аймақ аталатын «Рухани-мәдени орталық» аймағына қажетті жерді дайындау мақсатында  мемлекет мұқтаждығы үшін 171 нысанды жерлерді қайтару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 165-нысанның құжаттары толық жинақталып, бағалау жұмыстары жүріп жатыр. Заңға сәйкес, мемлекет мұқтаждығы үшін жер телімдерін қайтару  және бағалау жұмыстарына келіспеген тұрғындармен түсіндірме іс-шаралары жүргізілді. Сонымен қатар, келіспеген тұрғындармен арнайы өтініштері бойынша жұмыс істеу үшін 29 адамнан құралған комиссия жұмыс істеуде.

-Мерекенің төресі Тәуелсіздік күні.  Осыған орай,   Бәйдібек ауданынына қарасты Алмалы  елді мекенінде арнайы іс-шара өткізілді.  Яғни, бұл күні  ел  тәуелсіздігінің маңыздылығы айтылып, тарихы күн Бәйдібек жеріндегі Алмалы орта мектебінде  тағы бір насихатталды. 27- жылдық мереке аясында бұл күні, аталмыш мектептің шәкірттері концерттік бағдарлама өткізіп, патриоттық тақырыпта, ән шырқады.  Ал, жиын соңында,  аталған білім ошағының  белсенді  ұстаздарына,  әкімдік  тарапынан арнайы  марапттар берілді.

— Түркістан жоғары аграрлық колледжінде  өткен семинарға облысымыздағы маман даярлаушы  колледж өкілдері мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары  Ғанижан Асанұлы  арнайы  қатысты.

-Шымкент қаласында жаңа білім ордасы пайдалануға берілді. Жеке меншіктегі «Арафат» мектебі Сайрам елді мекенінің тұрғындарын қуанышқа бөлеп отыр. 900  орындық мектептің құрылтайшысы, жеке кәсіпкер – Низамхан Сулайманов. Ел ағасы бұған дейін де аймақтың балаларын балабақшамен қамтып, игі істерге арқау болған.

— Әл-Фараби ауданына қарасты 195 орамда орналасқан 84 мектепте ашық есік күні өтті. Мектептің 40 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен іс-шара аясында қонақтар ашық сабақтарға қатысып, оқу ордасында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Мерекелік жиынға, ата-аналар, мектеп түлектері мен өзге де білім ұяларынан мұғалімдер қатысты.

— Еңбекші ауданына қарасты  Бадам-1, Бадам-2 елді мекенінде 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алуға арналған волейболдан турнир өтті. Мектеп қабырғасында өткен додаға Жұлдыз аумағына қарасты 8 елді мекеннің жастарынан құралған командалар қатысты. Сондай-ақ, аға буын өкілдерінен құралған ардагер командалар да өзара бақ сынады. Жарысқа қатысушылар қатарында 15 пен 18 жас аралығындағы мектеп оқушылары да бар. Іс-шараның ерекшелігі де осында. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауыл арасында осы сипаттағы спорттық шаралар өткізу дәстүрге айналған. Мақсат, ауыл жастарын ауызбіршілікке шақырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

Айғақ медиа
11.02.2026
0

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда....

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, елдің дамуына қатысты бірқатар салалар мен келелі істер бойынша сөз сөйледі. Соның бірі -...

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Менің тапсырмаммен былтыр 2030 жылға дейін аймақтарды дамытуға арналған тұжырымдама бекітілді. Басты мақсат – өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті...

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің су шаруашылығын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ДАМУЫ МЕН БІРІЗДІЛІГІН БЕКІТЕДІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ДАМУЫ МЕН БІРІЗДІЛІГІН БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы: - «Жаңа Конституция жобасына...

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

Айғақ медиа
06.02.2026
0

Сәрсенбі күні, 4 ақпанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылау...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.