Биыл тарихы тереңде жатқан сансыз баптар мекені Сайрам ауданының құрылғанына 90 жыл. Айтулы датаға орай жыл басынан бері аудан көлемінде түрлі мәдени және спорттық іс шаралар ұйымдастырылса, мерейтойдың қорытынды кезеңі де кең көлемде аталып өтті. «Шежірелі Сайрамнан – Жаңарған Сайрамға» атты ғылыми конференциямен басталып бірқатар мерекелік бағдарламаларға ұласқан думанды шараға бұл күні Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, аудан тұрғындарына құттықтау тілегін арнады.
ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН
Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...










