Елгезек Ақберен Елгезекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды. 1980 жылы Алматы қаласында туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – тарихшы, тарих пәнінің оқытушысы. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қалалық ішкі саясат департаменті қоғамдық-саяси бөлімінің бас маманы маманы болып бастаған. 2003-2015 жылдары «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі президентінің кеңесшісі, Алматы қалалық ақпараттық-талдау орталығының директоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жастар бірлестіктерімен жұмыс істеу бөлімінің бастығы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығының бас редакторы, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы Адамның үйлесімді дамуы институтының директоры лауазымдарын атқарған. 2016 жылдың ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қоғамдық мониторинг бөлімінің бас маманы болып қызмет етіп келді.
АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫ САРАЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 10 айында экономикалық көрсеткіші 12 пайызды құрады. Екі индустриалдық аймақ ашылып, 293 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 80 мың...