• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қыркүйек 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстікте күрес федерациясы құрылды

06.08.2015
0

Соңғы жылдары елімізде қанатын кеңге жая бастаған спорт саласында тағы бір жағымды жаңалық. Оңтүстік өңірінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен федерация құрылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов төрағалық ететін ұжым жеңіске жеткен алғашқы сайыпқырандарды қабылдап, марапаттау шарасын ұйымдастырды. Федерация құрылғалы алғашқы жеңісті жетістікке жеткен жас буынның балуандары. Олар жуырда өткен Азия чемпионатында қарсыластарының белін қайыстырған сайыпқырандар. Жастар арасындғы біріншілікте алтыннан алқа тағынған Бақдәулет Әлментай есімді жерлесіміз болса, осы жарыста тағы бір саңлағымыз Бауыржан Төребек те күміс жүлдеге ие болған. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы еркін күресте Данияр Мелдебек тұғырлы 3-орынға тұрақтапты. Жиын барысында федерация президенті Берік Оспанов балуандарды тырнақалды ірі жеңісімен құттықтап, арнайы қаржылай сыйлықтар табыс етті. Жаңадан құрылған ұжымның құрамы да белгілі. Атқарушы директоры болып Ермек Байдауышов тағайындалса, Вице-президенттер белгілі балуандар Николай Ставицкий мен Марс Ерназаровтар. Бапкерлер құрамына кіл мықты, апайтөс жаттықтырушылар іріктелінген. Марапат иелерінің алдында тұрған ендігі үлкен асу – әлем біріншілігі. Тамыз айында өтетін байрақты бәсекеге тыңғылықты дайындалып жатқан спортшылар, Азиядағы межені дүниежүзінде де қайталасақ деген ойда.   «Жоғары жетістіктерге жеткендердің еңбегі міндетті түрде еленеді» — деген Берік Серікұлы, биік белестерден көрінген спортшыларға арнайы стипендия берілетіндігін жеткізді. Жасырын емес, бүгінде спорт саласына елімізде, қала берді облыста көп көңіл бөлінуде. Сондықтан, ұжым төрағасы мемлекеттен жан-жақты қолдау болып жатқан тұста нәтиже көрсету тікелей спортшыларға байланысты екенін де айтып өтті.

Абдумутали ЖҰМАШ

Бөлісу5TweetPin

Ұқсас жазбалар

24 МЫҢ ТҰТЫНУШЫ ТҰРАҚТЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкентте өткен ғасырдың 60–80 жылдарынан бері кәдеге жарап келген, көненің көзіне айналған әуе желілері жаңартылды. Жарты ғасырдан астам уақыт қаланың...

ҚАЛАНЫҢ ҚАМЫН ЦИФРЛЫ ЖАСТАР ҚОЛҒА АЛДЫ

ҚАЛАНЫҢ ҚАМЫН ЦИФРЛЫ ЖАСТАР ҚОЛҒА АЛДЫ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкентте өткен жылы құрылысы басталған Қазиев көшесінің жалғасы пайдалануға берілді. Төрт жолақты жаңа жол қаланың солтүстік бөлігіндегі көлік қозғалысын жеңілдетіп,...

ЖАҢАТАЛАПТА БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

ЖАҢАТАЛАПТА БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Жаңаталапта кішкентай тұрғындардың қуанышына тағы бір себеп бар! Шағын ауданда жаңа балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Бұл — биыл осы...

АБАЙ САЯБАҒЫНДА ДЕЗИНСЕКЦИЯ ЖҮРГІЗІЛДІ

АБАЙ САЯБАҒЫНДА ДЕЗИНСЕКЦИЯ ЖҮРГІЗІЛДІ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкентте масаларға қарсы залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда. Кезекті дезинсекция шарасы Абай саябағында жүргізілді. Мамандар аумақты арнайы препаратпен өңдеп, зиянкестердің таралуына тосқауыл...

ЖАС ТЕННИСШІЛЕР ЕЛ КУБОГЫНДА

ЖАС ТЕННИСШІЛЕР ЕЛ КУБОГЫНДА

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкентте жас теннисшілердің додасы басталды. Қалада жасөспірімдер арасындағы 10-шы Қазақстан кубогы өтуде. Байрақты бәсекеге еліміздің 16 өңірінен келген спортшылар қатысып,...

МЕГАПОЛИСТЕГІ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

МЕГАПОЛИСТЕГІ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 61 пайызға азайды. Бүгінде бұл қолдау 1 858 отбасындағы 9 597 тұрғынға тағайындалған. Аталған...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.