ҚР бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың бұйрығымен Маңғыстау көлік прокуроры тағайындалды. Бұл туралы бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды. 13 сәуір күні тағайындалған Ашенов Мұхитбек Батырбекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ішкі істер органдарында тергеу мен анықтау заңдылығын бақылау жөніндегі бөлім басшысы қызметін атқарған. Қазығұрт, Әл-Фараби және Еңбекші аудандарының прокурорының, Арыс қаласы көлік прокурорының сонымен қатар, Жамбыл көлік прокурорының орынбасары болып еңбек еткен.
ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
Шымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын...










