Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкімімен конкурс нәтижелері бойынша Қаратау ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды. Ол Исамидин Мұхитдинұлы Қантөреев. Исамидин Мұхитдинұлы 1984 жылы 5 сәуірде туылған. Білімі жоғары. Мамандығы бойынша біліктілігі–заңгер, экономист. Еңбек жолын 2005 жылы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің «Өндірістік-пайдалану кәсіпорындар» ЖШС-де экономист қызметінен бастаған. 2007-2008 жылдары қазіргі «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бойынша Ұлттық орталық» аталып келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығында «Е» санатты кадрлар бойынша оператор қызметін атқарған. Кейінгі жылдары ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі Агенттігі Ақпараттық мониторинг пен бағалауды қамтамасыз ету Департаментінің аумақтық басқармасының сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде қызмет атқарған.