Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Өкімімен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына Серік Ордабекұлы Тұрбеков тағайындалды. Серік Ордабекұлы 1956 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы –ғалым агроном, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясының түлегі. Еңбек жолын 1980 жылы «Қаракөл» ғылыми өндірістік бірлестігінің лаборанты болып бастаған. Кейін Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми – зерттеу мекемелерінде ғылыми қызметкер ретінде және бірқатар басшылық лауазымдарда еңбек еткен. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешені Мемлекеттік инспекциясы комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының бастығы, «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары, Мақтарал аудан әкімі лауазымдарын атқарған. 2015 жылғы мамыр айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып қызмет етіп келді.
ӘСКЕРДІҢ МЫҚТЫ БОЛУЫ – ТЫЛ МАМАНДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІНДЕ
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жуырда Тыл мамандары күні аталып өтті. Бұл мереке – ел армиясының сенімді тірегі болып, көзге көп...