Сәрсенбіде облыс әкімдігінде өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов пен Израильдің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі М.Бродскийдің кездесуі өтті. Басқосу барысында екі жақты ынтымақтастық орнату бойынша пікір алмасылып, атап айтқанда, агроөнеркәсіп кешені, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ, жоғары технологиялар саласында әріптестік орнату мәселелері талқыланды. Аймақ басшысы мәртебелі мейманды өңірдің экономикалық әлеуетімен таныстырып, бірқатар салалар бойынша әріптестік орнатуға шақырды. Израиль елшісі М.Бродский өңірдің инвестициялық тартымдылығын атап өтіп, екі жақты тиімді әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді
ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Қай тілде білім алсаң, сол ұлтқа қызмет етесің. Бүгінде баланың тәрбиесі мен танымына цифрлық контенттің әсері зор. Алайда экраннан үздіксіз...










