«Бірлік» саяси партиясы 8 адамды қамтитын партиялық тізімін бекітті. Олардың біреуі — әйел. Барлығы жоғары білімді, 4 үміткер ғылым кандидаты, біреуі — профессор. Кандидаттардың орташа жасы — 59. Олар Астана қаласынан, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан ұсынылған. Сайлауға партия атынан кандидат ретінде ұсынылған азаматтар тізімі:
- Байқадамов Болат Кенжекешұлы — «Бірлік» саяси партиясы төрағасының орынбасары.
- Қожамқұлов Мұрат Әкімханұлы — «Бірлік» саяси партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы.
- Қуанышбаева Роза Сақтағанқызы — ҚР Кәсіподақтар Федерациясының мүлік және активтер басқармасының бастығы.
- Қуанышев Төлеген Шаңғытбайұлы — «Бірлік» саяси партиясы төрағасының орынбасары.
- Раев Мұрат Құмарұлы — Қазақ гуманитарлық заң университеті ректорының кеңесшісі.
- Сұлтанғали Серік — «Бірлік» саяси партиясының төрағасы.
- Сыздықов Асқар Хамзаұлы — «Гранд ДЮК Казахстан» ЖШС бас директоры.
- Шауқаманов Нұрлан Сейілбекұлы — «Газпровод Бейнеу-Шымкент» ЖШС Қызлорда өкілдігінің директоры.