Шымкентте жамбас және тізе буыны ауруларының күрделі түрлеріне ота жасалынып жатыр. Артроз деп аталатын сырқатты Оңтүстік дәрігерлері 2010 жылдан бері операция арқылы емдеуде. Осы уақыт аралығында 1000-нан аса адамға Облыстық клиникалық ауруханада ота жасалыныпты. Сырқат адамды мүгедектікке дейін жеткізетін артроз ауруына шалдыққандардың бүгінге дейін 2-ші және 3-ші дәрежелі түрлеріне емдік шараларын жүргізген отандық дәрігерлер, ендігі жерде күрделі 4-ші дәрежені де еңсерген. Ақ халаттылардың біліктілігін арттыру мақсатында денсаулық сақтау саласының қызметкерлері шетелдік мамандармен тәжірибе алмасуда.
ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН
Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...










