Сейсенбіде өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Талғат Момышевпен кездесті.
Кездесуде тараптар облыстың экологиялық жағдайын талқылап, бірқатар атқарылған жұмыстарды сөз етті. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкенттің атмосферасын жақсарту мақсатында 5 мың гектардан астам аумаққа 4 миллионнан астам ағаш көшеттері отырғызылып, «Жасыл белдеу» құрылуда. Сонымен қатар, судың ластануы мен сарқылуының алдын алу мақсатында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жұмыстары жүргізілуде.
ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН
Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...










