Жалғасы Спорттық комиссия басшысы «Канелоның» пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегін көріп отырған сәтінің суретін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасындағы мемлекеттік сапары кезінде тікелей эфир арқылы Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өткен қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегін көрді», — делінген Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасында. Айта кетейік, бүгін Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.
Kaz.tengrinews.kz