• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Маусым 30, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда 2420 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

04.08.2017
0

Алматыда жасөспірімдердің қылмысы бойынша 2420 ата-ана мен ойын-сауық мекемелерінің 37 қызметкері әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ювенальды полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен криминальды полиция өкілдерінен құрылған топтар күн сайын өзге қалалардан келген жасөспірімдерді деркезінде анықтау үшін жастар мен жасөспірімдер көп шоғырланатын жерлерде рейдтік шаралар жүргізуде.

Өткен жылы кәмелетке толмағандар арасындағы жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында мүдделі органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Демалыс», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Көше», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Еңбекпен қамту» сияқты 17 жедел-алдын алу шарасы өткізіліп, тексерулер жүргізілді. Шара барысында кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды өкілдерінсіз түн мезгілінде көңіл көтеру орындарында және үйден тысқары жерлерде жүргені үшін 2420 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал олардың көңіл көтеру орындарында жүруіне жол берген ойын-сауық мекемелерінің 37 қызметкері сот шешімімен әкімшілік жауапқа тартылды.

«Ағымдағы жылдың басынан бері қала мектептерінде білім органдары, денсаулық сақтау, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, прокуратураның қатысуымен оқушылар мен олардың ата-аналары үшін 1 мың 926 тақырыптық дәрістер өткізілді. Шараның басты мақсаты – балаларды қауіпсіз жүріп-тұруға дағдыландыру, оларға уақтылы психологиялық көмек көрсету»,- деді Алматы қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің ювенальды полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Лейла Әліпбаева.

Мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу ісінде ата-аналарды, мұғалімдер мен полицияның мектеп инспекторларын біріктіру болып табылатын мектептердегі профилактикалық кеңестер мен ата-аналардың Қоғамдық Кеңесі елеулі үлес қосуда. Полицияның мектеп инспекторларының бастамасымен оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 733 кеңес өткізілді.

«Мектептегі полиция инспекторларының, педагогтар ұжымының үйлесімді жұмысы мен оқушылардың өзін-өзі басқаруының арқасында мектеп оқушылары тарапынан жасалатын қылмыс саны 2,7 есеге азайды. Жыл басынан бері комиссия отырысында кәмелетке толмағандардың мүддесіне қатысты әртүрлі фактілер бойынша 150 материал қаралды, нәтижесінде бала тәрбиесі бойынша өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін 24 ата-ана ата-аналық құқықтарынан айырылды, 98-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Арнайы білім беру ұйымына сот шешімімен 9 жасөспірім жіберілді»,- деді полковник Әліпбаева.

Дереккөз: Baq.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР

Айғақ медиа
26.06.2026
0

7-8 балдық жер сілкінісінен 120 мың адам панасыз қалуы мүмкін. Бұл жайында аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Қайрат Бекбауов...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

ПОГОН АРТЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Айғақ медиа
24.06.2026
0

Тәулік бойы тынымсыз қызмет. Қауіп пен қатерге қарамастан қоғамдық тәртіпті күзету. Бірі қылмыстың алдын алса, енді бірі адам өмірін сақтап...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

Айғақ медиа
24.06.2026
0

Биылғы шомылу маусымында жазатайым 2 оқиға тіркелді. Десекте ол оқиғалар шомылуға тиым салынған аумақта орын алған. Қалада шомылуға рұқсат етілген...

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясында шаһардың алдағы дамуына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер қаралды. Депутаттар күн тәртібіне енгізілген 8 мәселені...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

ХАЛЫҚ ТАРИФ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДЫ СҰРАДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Жолдың жыры, тарифтің салмағы, автобустың азабы. Әл-Фараби ауданындағы халықпен кездесуде шымкенттіктер көкейдегі көп мәселені әкімнің алдына жайып салды. Шымкент қаласының...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Ауданнан аспайтын мәселені мегаполис мэрі шешуге мәжбүр.  Жол, жарық, су ағар, балалар ойын алаңшасына қатысты мәселелер Әл-фараби ауданы аумағында орналасқан...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.