Адалдық ардың ісі. Осы сөзді ұран еткен жастардың арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін арнайы жарыс өтті. Қала мектептері арасынан 32 ойыншы қатысқан дебаттың финалдық турнирінде № 65,77, Sity scool және Қонаев мектебі оқушылары өзара жүлдеге таласты.
Дебат алаңы жастардың сыни ойлау, шешендік өнер және өз пікірін мәдениетті түрде жеткізу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Осы орайда сайыскерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз көзқарастарын нақты аргументтермен негіздей отырып, қоғамдық мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.
Қыркүйек айының 10 нан басталған сайыста дебаттық ойындармен қатар арнайы жобалар да қорғалды. Байқау барысында мектеп белсенділері адалдық пен парасаттылық қағидаттарын насихаттап, құқықтық сауаттылықты дамыту бағытындағы жүзеге асырған жобаларын бейнематериалдар арқылы таныстырған. Жобада біршама мектеп парламенттерінің мүшелері бақ сынады.
«Адал ұрпақ – жарқын болашақ» ұстанымы аясындағы бұл бастамалар жастардың сыбайлас жемқорлыққа бейжай қарамауына, өз құқықтары мен міндеттерін білуіне және қоғамның дамуына белсенді араласуына бағытталған. Мұндай іс — шаралар жас ұрпақтың бойында адалдық, жауапкершілік және азаматтық ұстаным секілді маңызды құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.