Кибералаяқтық өршіп келеді. Цифрлық жүйе әккілердің басты қаруы. Жыл басынан бері қалада киберқылмыстың 363 дерегі тіркелген. Бұл 8 ай ішіндегі қортынды. Оның тек 155-і ашылған. Осы тұрғыда полиция депортаменті қылмыстың алдын алу мақсатында жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бүгінде цифрлық технологиялар адамзаттың өмірсалтын түбегейлі өзгертуде. Алайда технологиялық прогрестің оң әсерімен қатар, теріс салдары да байқалады. Соның бірі — киберқылмыстардың кеңінен таралуы. Бұл тек жеке тұлғалардың деректеріне қауіп төндіріп қоймай, мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігіне зиян келтіруде.
Кибералаяқтар енді сіздің досыңыз болып хабарласады. Жасанды интеллект көмегімен түрлі кейіпке ене алатын айлакерлер қалтаңыздағы ақшаны қағып алу үшін түрлі тәсілдерге көшкен. Мәселен әккілер бір туысыңыздың даусына немесе түріне ұқсас болса таң қалмаңыз.
Кибералаяқтардың айласы күн сайын түрленіп келеді. Сондықтан сақтықты күшейтіп, күмәнді қоңырау мен хабарламаға сенбеген жөн. Мамандардың айтуынша, цифрлық қауіпсіздікке қатысты түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Ал әр азаматтың қырағылығы – киберқылмыстың алдын алудағы басты қорған.