• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қазан 24, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев өмірден озды

11.12.2015
0

Қазақстанның Халық жазушысы, кемеңгер тұлға, ірі қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев 76 жасында өмірден озды. Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады.1962 — 1965 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. 1965-1968 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрлігінде, 1968-1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында, 1970-1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор, 1975-1984 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,1984-1986 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрінің орынбасары,1986-1988 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы,1989-1990 жылдары ҚазКСР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы,1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы,1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді.Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» — Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармаларыТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының -1995, «Отан» орденімен -1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды. Шандоз» «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-Алаң», «Конец легенды», «Плеяды — созвездие надежды»,«Всполохи» романдары, «Бір шөкім бұлт», «Күй», «Бәйгеторы», «Шыңырау», «Бәсеке», «Ханша дария хикаясы», «Құс қанаты», «Бір шоқ жиде», «Шеткері үй» повестері жарық көрді. Марапаттары: Қазақстанның Еңбек Ері, Отан ордені, Назарбаев ордені, ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл медалі, ҚР Парламентіне 10 жыл медалі, Астана қаласына 10 жыл медалі, Құрмет белгісі ордені, Достастық ордені, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Елбасының бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері (1995 ж.), Қазақстанның халық жазушысы, Маңғыстау облысының «Құрметті азаматы».

Кемеңгер тұлғаның мезгілсіз қазасына байланысты, марқұмның отбасы мен туған-туыстарының ауыр қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз.

Бөлісу10TweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.