• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Желтоқсан 29, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан ЭКСПО көрмесін өткізуге 100 пайыз дайын

05.06.2017
0

ҚазАқпарат — Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының департамент басшылары БАҚ өкілдері алдында халықаралық көрмеге дайындықтың соңғы кезеңі жайында егжей-тегжейлі есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

02

«АстанаЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов өз сөзінде көрменің ашылуына тура бір аптадай уақыт қалғандығын еске салып өтті. Оның айтуынша, барлық нысандар көрмеге дайын. Дегенмен, көрме аумағын абаттандыруға қатысты бірен-саран жұмыстар ғана қалып отыр.

03

«Соңғы бірнеше апта бойы біз көптеген оқу-жаттығу өткізіп, төтенше жағдайларға дайындық жүргіздік. Бүгінгі негізгі дайындық барысына көрменің бүкіл аумағы жұмылдырылады. Атап өтерлігі, 10 маусымға дейін көрме аумағы келушілер үшін жабық болады», — деді ол.

04

Коммерцияландыру департаментінің директоры Дәурен Еркімбеков бүгін ұлттық компания мен мердігер ұйымдардыңқызметкерлері шақырылғандығын, оларға тегін билеттер турникет жүйесін тексеру үшін берілгендігін айтты. Халықаралық қатысушылармен жұмыс департаментінің директоры Ілия Оразақов халықаралық қатысушылардың 126 мың шаршы метр павильоны толық дайын екендігін атап өтті.

05

«Қазіргі уақытта 4,5 ел ғана қалды. Олар өздерінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтайды. Біз халықаралық қатысушылардың операциялық құрамын дер уақытында жасақтадық. Әрбір павильонның 30-дан 150-ге дейін қызмет көрсететін қызметкерлері бар. Олардың барлығы да Астанада, белсенді жұмыстарын бастады. Бүгін біздің қатысушыларымыз 11 павильонға бара алады», — деді Оразақов.

06

«Жоспарланған барлық іс-шаралар толық көлемде орындалды. Қажетті барлық құрал-жабдықтар сатып алынып, орнатылды. Бейне бақылау, дабыл және кіріп-шығуды басқару жүйелерініңбарлығы орнатылып, 100 пайыз дайын болды. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған барлық қызметкерлер, ең алдымен құқық қорғау органдары мен жеке күзет құрылымдарының қызметкерлері қажетті оқыту курсынан, тілдік дайындықтан өткізілді. Жексенбілік топтарды жасақтауға біз барынша назар аудардық. Біздің жексенбілік топтарымыз 1 сағаттың ішінде шамамен 13 мың адамды қабылдай алады. Бұл ретте күту уақыты 30-40 минуттан аспайды. Бұған қоса, жексенбілік топтарға шетел тілін білетін еріктілерді де жұмылдырып отырмыз», — деді келесі кезекте сөз алған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Қауіпсіздік департаментінің директоры Рүстем Шәкенов.

07

Ал аталған компанияның Сервистік қамтамасыз ету департаментінің директоры Дияс Әзбергенов бүгінгі негізгі дайындық барысында көрменің көліктік қолжетімділігін сынақтан өткізу жоспарланып отырғандығын атап өтті. «Ол уақытша тұрақтарға, қоғамдық көліктерге, көлік аймағындағы жұмыстарға қатысты жайттар. Бұл жұмыстарды біз қалалық әкімдікпен және жол полициясымен бірлесіп атқарудамыз. Мұнан бөлек негізгі дайындық барысында көрме аумағында орналастырылған 7 медициналық бекеттің де жұмысын сынақтан өткізуді жоспарлаудамыз. 8 жедел жәрдем көлігі тұрақты түрде кезекшілік атқаратын болады. Көрме барысында жұмылдырылған медициналық қызметкерлердің жалпы саны 210 қызметкерді құрайды. Олардың қатарында дәрігерлер, фельдшерлер, реаниматологтар бар», -деді ол.

08

Сонымен қатар компанияның Контент және іс-шараларды ұйымдастыру департаментінің дирекоры Марат Омаров өзі басшылық жасайтын құрылымның басты мақсаты мерекелік шараларды ұйымдастыру екендігін айтты.

09

«Бүгін біз үш алаңда 3 шара өткізетін боламыз. Олар Ұлттық күндер, Энергияхолы және амфитеатр алаңдарында ұйымдастырылады. Бізде барлығы да дайын,техника да, әртістер де сақадай сай», — деді Марат Омаров. Ілгерілету және туризм департаментінің директоры Аллен Шайжүнісов бүгін еріктілерге арналған үлкен шараны өткізетіндіктерін атап өтті. «Бүгінгі күні 4500 ерікті іріктеп алынып, дайындалды. 800 ерікті Қарағанды,Қостанай, Павлодар облыстарынан және Алматы қаласынан келді. Күн сайын көрме аумағында 1500 ерікті жұмыс істейтін болады. Алғашқы ауысым 10 маусымнан бастап шілденің 1-іне дейін жұмыс істейді. Одан кейін келесі айдың ауысымы келеді және үшінші ауысым тамыздан 10 қыркүйекке дейін болады»,- деді Шайжүнісов.

10

Дереккөз: inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.