• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 23, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТIНI­Ң БАҚ ӨКIЛДЕРIНЕ БЕРГЕН СҰХБАТЫ

31.03.2017
0

Қазақстан Президентi ағымдағы жылдың 17-нау­рызында республикалық БАҚ өкiлдерiмен кездестi. Әңгiме барысында Мем­ле­кет басшысы қазiргi күн тәр­тiбiндегi мейлiнше өзек­тi сауалдарға жауап бердi. Кездесуге қатысушылар «Қа­зақстанның үшiншi жаң­ғыруы: жаһандық бәсе­ке­ге қабiлеттiлiк» атты Жол­­дауды iске асыру ая­сын­­д­а ел экономикасын тран­с­­фор­­мациялау үде­рi­сi­нiң бiр­қатар аспектiлерiн, сы­­бай­лас жемқорлыққа қар­сы күрес мәселелерiн, қа­­зiргi саяси жаңғыру ке­зе­ңi­нiң ерекшелiктерiн, БҰҰ Қа­уiп­сiз­дiк кеңесiнiң тұ­рақ­ты емес мүшесi ретiндегi Қа­­зақ­станның сыртқы сая­си басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайт­тар­ды талқылады.

Журналистер тарапынан қойылған қазақша сауал­дар­ға қатысты Елбасы Н.Назарбаевтың берген жауаптарын назарлары­ңыз­ға ұсынып отырмыз.

Журналист: Құр­мет­тi Нұрсұлтан Әбiшұлы! Ұлыс­тың Ұлы кү­нiнде өзiңiз сал­ған Ас­та­наның төрiнде ди­дар­ласып отырмыз. Өт­­кен­дi саралайтын, келешектiң келбетiн даралайтын, бар мен жоқты бағалайтын жақ­­сы үрдiсiңiз бар. Бiз­дi қа­был­дап отыр­ға­ныңызға рах­мет ай­та­мыз. Рұқсат ет­се­ңiз, алғашқы сауалды бас­тасам…

Биылғы Жолдауда елi­­мiз­дiң үшiншi жаң­ғы­руын бастау тура­лы айтылды. Оны iске асыру барысында қан­дай сын-қатерлер бо­ла­­ды. Қазiргiдей күр­де­лi жағ­дайда, транс­фор­мациялау мен цифр­ландырудың қан­шалықты теңдiгi бар?

Н.Назарбаев: Естерi­ңiз­д­е болса, 2050 жылға дейiнгi стратегиялық бағ­дар­лама жасаған кезде, осы жо­лымызда аманшылық бол­са, он сын-қатер қиын­дық­­тар барлығын айтып кет­кенмiн. Болашақтың мә­се­лесi бiр Алланың қолын­да, дегенмен, бiз жағдайы­мызға қарап отырып, бол­жау жасауға болады. Сол бол­жауларда қатерлер де­ген неден шығады: Қазақ­станның географиялық ор­на­ласқан жерiнен, төңiре­гi­мiз­дегi көршiлерiмiздiң жағ­дайынан, дүниежұзiлiк эко­номикадан және көп жыл­дардан берi эконо­ми­ка­мыздың бiр жақты болып ақсап келе жатқандығынан шы­ғады. Сондықтан, осы­лар­дың барлығы болады. Де­генмен, алған негiзгi бағ­дарламадан таймай, аздап ауытқысақ та, салынған даң­ғыл жолымыздың түзу сы­зығымен бұзбай жүре бер­сек, түбiнде дегенiмiзге же­темiз деген сөз. Сон­дық­тан мұндай сын-қатерлер болады. Мысалы, жаңағы айтып отырған цифрлан­дыру мәселесi, экономика­ның мәселесi… Кiм ойлады, былтыр бiр жылдың iшiнде бiздiң экспорт тауар­ла­ры­мыз үш есе төмендеп кетедi деп. Ешкiм ойлаған жоқ. Дүниежүзiндегi белгiлi Ұлы са­рапшылардың өзi бұл кри­зис­тi болжай алған жоқ. Бiр жылда солай болды. Бiз қор­­жынымызға түсетiн қа­ра­жаттың 40% төмендетiп алдық. Егер де бұрыннан қор жасап осыған қамдан­ба­ғанда, осыны күтпегенде, елiмiзде қазiргi жағдай өте нашар болар едi. Ал, ендi қа­зiргi Жолдау үшiншi ин­дус­триалық бағдарлама деп отырмыз. Ең алдымен бiрiншi индустрияны әрi қарай жалғастыру керек. Шағын және орта бизнестi дамыту керек. Әлеуметтiк жағ­дай­ды түзеу керек. Бiлiм беру, денсаулық сақтау мәсе­ле­лерi. Яғни, iшiмiздегi кем­шi­лiктердi жою мәселесiн ай­тып кеттiк. Сондықтан үкi­метке «Ақпараттық Қа­зақ­стан» бағдарламасын дайындау туралы тапсырма берiлдi. Жылдың ортасын­да ол дайындалып, қабыл­да­нады. Бұл оңай емес нәр­се. Себебi, бiз әлi мұндайды жасап көргенiмiз жоқ.  Дайындалып жұмысқа кiрiсейiк деп отырмыз. Қазiр қарап отырсаңыздар, Қа­зақ­станның iшiнде шет­елден оқып келген, бiрнеше тiлдi бiлетiн жiгiттер бар. Олар арамызда жұр. Өзде­рi­ңiзде мiнекей, осындай­сыздар. Бiлiмдi азаматтар­мен бiрiгiп, осы жұмыстар­ды атқарамыз. Бұгiнде олар­дың бiрқатары жо­ғары қызметте отыр. Ми­нистр де, әкiм де болып жатыр. Қазiргiдей дағдарысты еңсеру үшiн, бiз оларды әдейi дайын­да­дық. Сондықтан, индус­триал­­д­ық бағдарламамен мың ме­ке­ме­нi iске қосып, бiрталай жұмыс орнын аштық. Содан ке­й­iн өңдейтiн өндiрiстi кө­тер­дiк, соның арқасында жалпы өс­кен өнiмнiң 2 процентiн өң­дейтiн өнiмдер. Сондықтан бұл ал­ды­мызда тұрған жаңағы өзiң айтқан қиындықтарға жауап деген сөз.

Журналист: Шерхан Мұр­таза ағамыздың «Елбасы бi­реу, халқы оған тiреу» деген қанатты сөзi елдiң әлi есiн­де. Шынында да, тәуел­сiз­дiк­тiң  алғашқы 25 жыл­ды­ғын­­­да елiмiзде кұштi прези­дент­тiк билiк болды. Мына тәу­елсiздiктi қалыптасты­руда, алға қадам басуда, бү­гiнгi күнге жетуiмiзге оның зор бiр көмегi болды. Оны ел­дiң бәрi мойындайды. Ал мы­нау соңғы Конституция­лық құқықтық саяси реформа ая­сында Президенттiк би­лiк­­тiң кейбiр өкiлеттiк­те­рi Үкiмет пен Парламентке бөлiнiп берiлмек. Сарапшы­лар бұл әлемдiк iс-тәжiрибе еке­нiн, демократияның ке­ле­­сi бiр белесi екенiн атап өтiп жатыр. Сiздiң пi­кi­рi­ңiз­ше, бiздiң осыдан ұтатын тұс­­та­рымыз қайсы?

Н.Назарбаев: Жаңағы ай­тып өткен Тәуелсiздiктiң қиын-қыс­тау алғашқы күндерiнде 1992 жы­лы сайланған Парламентiмiз, коммунистiк Парламент болды. Яғни, Кеңес Одағы кезiнде қалып­тас­қан, барлығының ой-санасы бұ­рынғы жүйеменен өскен. Бiр жа­ғынан оларды да қазiргiнi бiле қой­мадың, деп кiнә тағуға да бол­май­ды. Мысалы, ойлап қараса­ңыз­дар, сол кезде бiз ешбiр заң қа­был­дай алмадық. Бұрынғыны қо­йып нарықтық экономикаға көшу мәж­бүрлiгi туды. Ал нарықтың жағ­­дайы мүлдем басқа едi. Пар­ла­­мент­тiң өзi Заң қабылдауы ке­рек болды. Бiрақ өкiнiшке орай, олар тү­сiнбедi де, қабылдай да ал­ма­ды. Мен әрбiр бабын түсiндiрiп Заң қа­былдау үшiн келiп оты­ра­мын. Кө­бiне қабылдағысы кел­мей­тiн едi, се­бебi қорқатын. Жердiң бар­лығын ауылшаруашылығына бе­рiп, кол­хоздар мен совхоздарға таратып жi­бергенде, «Қалай? Енді аштан қаламыз ба?…» деп барлығы айтқан болатын. Со­ған үйренiп қалдық. Мы­салы, дү­кендердi, өзге де мем­ле­кет мен­­шiгiндегi нысандарды жеке­мен­шiкке беруге қорықты. Бiрақ оларды тыңдап, елдiң ар­тын­да қа­лып, тыңдап отыруға бол­ма­ды. Сол себептi өздерiңiз бi­ле­сiз­дер Пар­ламенттi таратып, бар­лық өкi­лет­тiктi де, жауап­кер­шi­лiктi де Пре­зидент өзiне алуға ту­ра келдi. Сол кезде 147 Заңдық кү­шi бар Жар­лық­қа қол қойдым. Тек соның ар­қа­сында ғана бiз ТМД-ның өзге ел­дерiнен алдыға түстiк.

Журналист: Халқымызда «алтын күмiс тас екен, арпа би­дай ас екен» деген сөз бар. Қа­зақстанның агроөнеркә­сiп­тiк кешенiн дамыту ту­ра­лы мәселе көтерiп келе жатырсыз ғой. Бiрақ, осы Жол­дауда да айтып өттiңiз эко­но­миканың жаңа драй­ве­рi­не айналуы керек осы сек­тор деп. Жаңа айтып отыр­сыз қанша Ұлан-байтақ жер бар қан­шама сол жердiң үс­тiн­­де­гi астығымыз бар, бай­­лы­ғы­мыз бар деп. Бiрақ сол ауыл­шаруашылығының әле­у­етiн әлi күнге дейiн кө­тере алмай отырмыз. Ендi жұмсай алмаймыз, ұтым­ды тұстарын таба алмаймыз. Осы нелiктен деп ойлайсыз?

Н.Назарбаев: Қазiргi кезде ауыл шаруашылығын дамыту үшiн триллиондаған ақшаны берiп жа­тырмыз. Субсидиялар теxникаға, тыңайтқышқа, суармалы жер­лер­ге, содан соң сүт, ет, қант және тағы басқа салаларға бөлiнедi. Бүгiнде сол субсидиялардың барлығын жинап, басқаша тарату қажет. Егер де сенiң қолыңнан келсе, субси­дия­ны саған беру керек. Себебi, мем­лекеттiк субсидиялар кейбiр ше­неу­нiктердiң «астауына» айнал­ған­дығын, барлығы сол жер­ден ақшаны қарпып алуға тыры­са­ды.

Шынында да, кең байтақ жерi­мiз бар. Бiр гектардан алатын би­дайымыз ең көп дегенде 13,5 цент­нер, дәл сондай жерден мына тұр­ған Қытай 25 центнер алып отыр. Егер бiз 13 центнердiң үстiнен тағы 5 центнер қосып алатын болсақ, онда бiз тау-тау бидайдың астында қаламыз. Соны ойлап отырғаным ғой, мына тыңайтқышты бұрын­ғы­дай бере алмай қалып, қазiр Жамбыл облысында, Оңтүстiк Қа­зақ­станда фосфор және азот ты­ңайт­қышын беретiн жаңадан фаб­рика салып, барлық жерде агро­тех­никаны жөндеп жатырмыз. Бү­гiнде жердi игеруге қатысты ол­қылықтардың барлығын бiз ха­лыққа дұрыстап түсiндiре алмай отырғандығымыз. Қазақтың же­рi­не жаны ашитын екi қазақ болса, сол екi қазақтың бiреуi мен шы­ғар­мын. Себебi, шекараны шеге­ле­­ген кезде 14 мың шақырым Ұзын­­дығының әр метрi үшiн бiз кү­рестiк. Ешкiмге ештеңенi бер­мей, берген күнде де дәл сондай алу үшiн күрестiк. Сондықтан, жер­­дi ешкiм арқалап алып кет­пейдi. Мен бұл қорқыныштардың қайдан шығып жатқанын бiлемiн. Ешкiм машинаға тиеп, вагонға тиеп Қазақстаннан алып кетпейдi. Бұл-Қазақстанның жерi. Қазақ­стан­ның заңдары, басқа азамат­тар­ға жердi сатуға да рұқ­сат ет­пейдi. Сон­дықтан, қазiр өзiмiздiң аза­­маттарға жекеменшiкке бер­сек, соны алатындар жоқ болып тұр ғой. Әлi ақша қорлары жи­нал­ған жоқ. Алса деп отырмыз. Қазiр ко­опе­ра­тив құрудамыз. Себебi, қа­зiргi таң­да сүт шығаратын, ет шы­ға­­ра­тын, өзге де өнiм түрлерiн же­ке-дара шығаратын адамдар бар. Бiрақ, оны сататын тәжiрибесi де жерi де жоқ. Ал кооперативтендiру осы мәселенiң барлығының ше­шiмiн табады. Қазақстанның — ең көп өнiм шығаратын да, та­быс­тың да көзi болуы керек.

Журналист: Елдiң алдында үлкен мақсаттар тұр ғой. Бү­гiнде ағылыш тiлiн мең­гер­мей, әлемдiк көшке iлесу мүмкiн емес. Ол айдан анық, күннен жарық нәрсе. Оны үнемi Сiз айтып жүресiз. Биылғы Жолдауда да мына жастардың бәсекеге қабi­лет­тi болуы алғышарт­та­ры­ның бiрi осы ағылшын тi­лi­н­ меңгеру екенiн  атап өт­тiңiз… Бiрақ, басқа тiлге ба­сымдық бергеннен қаймы­ғып қалған халықпыз ғой. Қазiр көптiң көкейiнде бiздiң ана тiлiмiз көлеңкеде қа­лып қоймай ма? Мемле­кет­тiк тiл­дiң өрiсi тары­лып кет­пей ме? Деген күмән тiптi, үрей бар. Сол үрейге қандай да бiр негiз бар ма?

Н.Назарбаев: Жаңа, қай­мы­ғып қалған халықпыз деп жақсы айт­тың. Расында да, қаймығып қал­ғанбыз. Тiлiмiзден, мәдение­тi­мiз­ден айрыла қала жаздап, сол үрей, қорқыныш бар. Әсiресе, үл­кен буындарда.  Менiң құрдас­та­рым­да, әкелерiңде сендердiң, тiлi­мiз қайтадан келе жатыр едi. Соны қалып қалмай ма деп? Қазiр Қазақстанда қазақ тiлiне қарсы  бiр адам жоқ. Сондықтан, мәселе бiз­дiң өзiмiзде, қазақтарда. Қолға алып осы тiлдi жетiлдiру керек. Мы­салы, кейбiреулерiнiң айтаты­нын бiлемiн: «Президент қазақ­ша сөйлемей, қазақ тiлi дамы­май­ды», деп… Бүгiнде Қазақстанда жүз­ден аса Ұлт пен Ұлыстар отыр. Со­ның бар­лығы Президенттi сай­лай­ды, ал олар Президенттiң сө­зiн түсiнбесе қалай болады? Мен қа­зақ­ша да, орысша да сөйлеп, екi есе көп жұмыс iс­тей­тiн адаммын. Бас­қа Ресейдiң, Американың, Түр­кия­ның президенттерi өз тiлiнде сөй­лей­дi. Мен амалсыз екi тiлде бiр­­дей сөйлеп отырамын. Бiрақ, мәң­­гi­лiк бұлай болмайды. Қазiр­дiң өзiн­де қазақтың саны 70%-ке жа­­қын­дап келе жатыр. Өздерiң бi­ле­сiң­дер, мен айтқандай 2025-жыл­ға дейiн дайындалып, қа­зақ­тың тiлiн барлық жерге енгiзуге жұ­мыс жа­саймыз. Дей­тұр­ғаны­мен, бұл әуел баста бiлетiн тiл­дер­ден ажырап қалу деген ол дұрыс емес. Сондай-ақ, бұл тiлден ажы­ра­сақ, өкiнiп қа­ла­мыз деген де сөз емес. Мәселе мә­­дениетте. Қанша тiл бiлсең, сон­шалықты мәде­ниет­тi­сiң. Мәселен, қазаққа орыс тiлi ар­қылы дүние­нiң әдебиетiне, дүниенiң ғылы­мы­на жол ашылса, ал ендi ағылшын тiлi Жолдаудағы мәселелердi орын­дау үшiн керек. Әлем­дiк көш­ке iлесуiмiз үшiн керек. Бұгiн­де мемлекеттiң қол­дауы­мен қан­ша жастар ше­тел­дерге барып ағыл­шын тiлiн мең­ге­руде, мекеме тарапынан, ата-ана­ның қолдауы­мен, қаншама жастарымыз ағыл­шын тiлiн еркiн меңгеруде. Мұн­дай үрдiс қазақ тiлiне зиян келтi­редi деп ойламау керек. Бiз қаза­қы қалпымыздан, тiлiмiзден айы­рыл­мау үшiн, кезiнде қазақтың мә­дениет жылы деп қаншама мә­де­ниет ошақ­та­рын аштық. Қазiр уни­вер­си­тет­тер­де де қазақша сабақ беретiн бол­ды. Бiз ептеп-ептеп латиницаға кө­шуiмiз керек. Бiздiң лингвистiк ко­миссия 1800 халықаралық тер­мин­дердi қазақ тiлiне енгiзiп, қа­зақ­тың тiлiн байы­тудың орнына не­шетүрлi сөз­дi ойлап тауып ау­да­рады. Мар­құм Еркеғали Рах­мадиев өмiрiнiң соңына дейiн ай­тып өтiп едi, мен ком­по­зитор едiм, саз­гер болдым ендi деп. Менiң пиа­ниномды күйсан­дық деп айтты деп. Пианино бар­лық тiлде пиа­ни­но. Сондықтан бiз­дiң тiлдiк қо­ры­мызға ендiрiп тi­лiмiздi неге ба­йыт­паймыз осын­дай халық­ара­лық сөздердi. Пайыз деп ал­ды­ңыз­дар, мен пайыз деген сөздi қол­данбаймын процент, дей­мiн, се­бебi бұл сөз барлық тiлдерде про­цент деп айтылады ғой. Өз елi­мiз­де мемлекеттiк сөз, мемле­кет­тiк тiл, мемлекеттiк басқару ор­ган­да­ры өз тiлiмiзде жүретiн бола­ды Құ­дай бұйырса. Бiрақ, оған асы­ғыс­­тық жасаудың қажетi жоқ. Бiз­дiң елiмiзде түрлi Ұлт өкiлдерi бар Сондықтан мен олардың тi­лi­не әдет-ғұрпына кедергi кел­тi­ру­дiң қажетi жоқ. Барлығы өз уақыт сә­тi­мен.

Журналист: Түркi тiлдес ха­лықтың бауырлас­ты­ғы­на, достығына көп нәрсе жа­­­сап келе жатырсыз. Бi­рақ мына көршiлес отырған қыр­­ғыз елiнiң басшысы Ал­мас­­бек Атамбаев жақында Euronews арнасына сұхбат берiп, сон­да айтты: Қазақстанда блокада жасап адам шы­ғыны болды, сондықтан ше­караны жауып қойдық». Осын­дай сөздiң шығуы не­лiк­тен деп ойлайсыз? Бұл «бүй­рек­­тен сирақ шығару» емес пе?

Н.Назарбаев: Мен бұған қыс­қ­а­ша ғана жауап беремiн. Жа­қын­да бiздiң Премьер-Министр Ба­қытжан Сағынтаев Қырғызстанда болып келдi. Атамбаев оны қа­был­дады. Өзiнше сондай ағаттық кет­кен екен, неге оған көңiл бө­ле­сiз­дер, деп ол да айтып жатыр бiр жа­ғынан. Екiншi жағынан Ұлы Абай­дың сөзi бар: «Қырғыз бен қазақ бiр туған» дегендi қолдамайтын да ешкiм жоқ шығар. Сондықтан бiз көршiлес елмiз. Президенттер, бас­шылар келедi де, кетедi. Екi ха­л­­ық қалады. Әрбiр сөзге онша кө­ңiл бөле бермеу керек. Бүгiнде қыр­ғыз ағайындардың жағдайы бас­қаша. Сайлау болып жатыр. Бар­лығын өзгертiп жатыр. Пар­ла­мент сайлауы да болады. Сайлау кез­де болады ғой. Түсiндiре кете­тiн жағдай Қырғызстанда 2010 жы­лы елдiң барлығы быт-шыт бо­лып, төңкерiс болып, Заңды отыр­ған президентiн орнынан құла­тып, қуып шығып жатқан кезде, түр­ме­дегi кiсiлерiн шығарып жiбердi, барлық сотқарлар бiзге қарай лап етiп кеткен кезде бiз де сол уақыт­та шекараны жаптық. Болашақта солай болатын болса, тағы да жа­бамыз. Қай мемлекет жап­пайды шекарасын. Түркияда жауып отыр. Оларда сол кезде Өз­бекс­тан да жап­ты. Тәжiкстан да жап­ты. Сон­дық­тан, ол жерде еш­кiмнiң кiнәсы жоқ. Кiнә сол жерде болған жағ­дайда. Керiсiнше, қыр­ғыз елiнiң iшiнде азаматтық соғыс болмасын, деп мен Бакиевтi алып шық­тым. Оның төңiрегiнде қа­ру­­лан­ған үлкен топ  болатын. Бiш­кек­ке ба­рып барлығын қиратамыз деп отырған кезде, Отунбаев деген сол кез­дегi Мемлекеттiң басшысы бо­ла­тын, соның қолхатымен Бакиевті алып кетуiңiздi сұраймыз де­ген­­нен кейiн ұшақтарды жiберiп, әс­кер­лердi жiберiп, мен алып шы­ғып соның iшiн тыныш­тат­­қан­мын. Сондықтан, оған мән бе­ре бе­ру­дiң қажетi жоқ. Сая­сат­кер болу үшiн ел басқару үшiн кә­дiм­гi пiлдiң терiсiндей терiң болуы ке­рек…  Барлығы өтпелi. Әрине, бас­шы болғаннан кейiн, ойланып сөй­леу керек әр сөздi. Жалпы екi ел­дiң ара­сындағы, туысқан елдiң, бауыр­лас елдiң арасындағы қарым-қа­ты­насына сол арқылы сызат түседi деп  мен ойла­май­мын. Олардың жағдай­ла­ры оңай емес. Көмектесiп отыр­мыз, әлi де көмектесемiз. Жа­қын­да бiз ше­ка­ра­дағы лабо­ра­то­рия­ларын жөндеу үшiн 40 млн. ақ­ша бер­дiк. Кезiнде Оштың бар­лығы қи­рап қалған кезде, мектеп сал­дыр­­ғыздым. Гуманитарлық кө­мек­тер де анда-санда берiп тұра­мыз. Сондықтан, барлығымыз ағайынбыз ғой. Жаңағы мен айт­қан­дай,  көршiлес Қырғыз­стан­ның да, Өзбекстанның да, Тәжiк­стан­ның да Еуропаға шығар жолы Қа­зақс­тан. Барлық жолдары бiз арқылы өтедi. Бай­ла­ныс та бiзден. Достықты сақтау керек. Бiр­лiктi сақтау керек. Достықтан ар­тық үлкен қазына жоқ дүниеде.

Журналист: Нұрсұлтан Әбiшұлы! Жақында ғана жаңа тағайын­даулар жаса­ды­ңыз ғой. Жалпы мемле­кет­тiк қызметте тәжiри­бесi бар буын өкiлдерiн қой­дыңыз. Бұл Сiздiң жас буын­ған көңiлiңiздiң толмай­тын­дығын бiлдiре ме? Со­ны­мен бiрге, сiздiң құзыре­тi­ңiз­де шешiм қабылдау деген мә­селе бар. Кейбiреудi та­ғайындайсыз, кейбiреуiн ала­­­сыз. Алған кезде, олар­дың сенiмiңiзден шықпай қалғаны сiздiң жаныңызға бата ма, батпай ма?

Н.Назарбаев: Батады… Дү­ние­дегi ең қиыны Бұқар жырау ба­ба­мыз айтпақшы «көш бастау қиын емес, қонатын көл болса, қол бастау қиын емес, қол бастайтын ер болса, дүниенiң ең қиыны елдiң алдына шығып сөз бастау» деген екен. Сол сияқты, мен үшiн де, бас­қалар үшiн де кадрларды таңдау – ең қиыны. Қателесесiң бе, қате­лес­­пейсiң бе, бiлiмiне қарайсың, тә­жiрибесiне қарайсың. Объек­тив­пенен адамды бiлуге болмайды. Қарап дұрыс екен ғой, деп сенесiң. Жұмысты бересiң. Тағайындаған адамың тапсырманы орындап, саған келсе мiнекей, тапсыр­ма­ңыз­ды орындадым, елге жақсы­лық жасадым. Ананы жасадым, мы­­наны жасадым деп. Ал егер оның өзi келiп, сенiң алдыңа келiп мәсе­ле қойып отыратын болса, оның өзi саған проблема болады. Сол проб­леманы алып тастау ке­рек.

Маңғыстаудың әкiмiнiң өзi ми­нистрдiң бiрiншi орынбасары бо­луға сұранды. Кулагин де өзi зей­нет­керлiкке жасым келдi, барлық жерде жұмыс iстедiм, рахмет деп сұранған соң, рұқсатымды бердiм. Қарағандының әкiмi Әбдiбеков өмiрден озған Қозыкөрпештiң (есеп комитетiнiң төрағасы Жаң­быр­шин) орнына келдi. Ол жаққа Қа­рағандының тумасы, тәжiри­белi жiгiт Қошановты апарып қой­дық. Бәрi де жұмыс iстейдi деп ой­лаймыз. Үкiметте де солай қарап отырсаңыз, қазiргi Үкiмет мүше­лерi 1970-1973 жылы дүниеге кел­ген жiгiттер. «Тепсе темiр ұзетiн, жұ­мыс iстейтiн кездерi. Елге жақ­сылық жасайды деп қой­дық. Сон­дықтан сенiп, қызметке қойып, тәр­биелеп, бiрнеше жыл соған күшiңдi салып, ақылыңды ай­тып жүр­генде, олардың жем­қор­лыққа жә­не басқа да күмәндi iс­терге қа­тыс­ты болып шыққанда қат­ты рен­жимiн. Бұл менiң көңi­лiме қаяу түсiредi

Журналист: Осының бар­лы­ғына күш-қуатты, энер­гия­ны қайдан аласыз?

Н.Назарбаев: Шыр етiп жер­ге түскенде, Алла Тағала бере­тiн күшi болады. Сол күш-қуат тау­­сылғанша өмiр сүресiң. Бiт­кен­де кетесiң. Сондықтан мен де өзiм ризамын Қазақстанды, жер ша­рын аралап жүруге маған күш-қуат­тың бергенiне. Сол күш-қуат бар кезiнде жұмыс iстеп қалуы ке­рек. Сендер де «тепсе темiр үзе­тiн» кездесiңдер, аянбай жұмыс iстеңдер. Iздену керек. Әрбiр азамат өзi­нiң жұмысыңда iзденсе, әрi қа­рай жүре беруге болады. Дүниежүзінде ақпарат құралдарында да үйренетiн қанша мысалдар бар. Мүм­кiн, кейбiр жағдайда мүм­кiн­шiлiк те болмайтын шығар. Мүм­кiн­шiлiктi болдыру қажет. Бар­лы­ғынан да жоғары iстеуге. Солармен бiрдей болуға, олардан асып кетуге тырысу керек. Мен де осындай жұмыстармен жүрiп келе жатыр­мын. Елiмдi басқа елдермен қатар, терезесiн тең қылып, ешкiмнен кем қылмай… Қазағымның басы көтерiлiп жүрсiн деп әр уақытта. Барлығына төменнен жоғары қа­рамай, қазақтың өзiне солай қа­рай­тын болсын деп өмiр сүрiп жүр­мiн. Жұмыс та iстеп жүрмiн. Сон­дықтан, сол жұмыстарымды айтып жатса, бағалап жатса, мен үшiн одан асқан бақыт жоқ!

Журналист: Уақыт бөліп сұхбат бергеніңіз үшін үлкен рахмет!

Фото: akorda.kz

Бөлісу1TweetPin

Ұқсас жазбалар

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

Кентау политехникалық колледжінің 4-курс студенті Улугбек Бахтияров жұмысшы мамандарын даярлауға арналған оқу стендін жасап шығарды. ASAR-1 — инженерлік мамандықтарды біріктіретін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.