Шымкентте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Жиынға кәсіподақ мүшелері мен сала ардагерлері қатысып, еңбек адамдарының құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар сөз болды. Салтанатты жиында белсенді азаматтар марапатталып, олардың қоғамдағы еңбегі мен кәсіподақ қозғалысының маңызы атап өтілді. Кәсіподақтар – еңбек адамының құқығы мен мүддесін қорғауда маңызды рөл атқаратын ұйым.Олар жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.
Қазақстанда Кәсіподақтар күні жыл сайын 10 қазанда атап өтіледі. Бұл күн – еңбек адамдарының мүддесін қорғауға үлес қосып жүрген мамандар мен кәсіподақ белсенділеріне құрмет көрсетуге арналған. Мерекелік жиын барысында сала ардагерлерінің де еңбегі ескеріліп, олардың кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесіне ерекше мән берілді
Салтанатты шарада кәсіподақ жұмысына белсене араласып жүрген азаматтарға құрмет көрсетілді. Бірқатар қызметкер алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапаттар еңбек адамдарының құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыстарға берілген баға болды. Мерекелік шара соңында сала мамандарына әннен шашу шашылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мұндай басқосулар еңбек адамдарының қоғамдағы орнын айқындап қана қоймай, кәсіподақ қозғалысының маңызын арттыруға да ықпал етеді.










